+7 (701) 759 90 19
USD 376.84 EUR 407.97
RUB 5.91 CNY 53.80
Jańalyqtar

Қазақстанда қанша волонтерлік ұйым бар

2019 жылғы 24 қыркүйек 00:12
Бөлісіңіз:
Қазақстанда қанша волонтерлік ұйым бар

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Елімізде 222 волентерлік ұйым белсенді жұмыс жасауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Волонтер: Қайырымдылықпен айналыса бастағанда не үшін тірі қалғанымды түсіндім Қызылордада волонтерлер төтенше жағдайдың алдын алу шараларына қатысты Жамбылдық волонтерлер жалғызбасты ананың қызын қырқынан шығарып, салтын өткізіп берді

Бұл көрсеткіш «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің еліміздегі еріктілер белсенділігін анықтау бойынша жүргізілген сауалнамасы нәтижесінде анықталған.

Аталмыш сауалнама ҚР Ақпарат және коғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның «Ақпараттандырудың инновациялық әдістері халықпен жұмыс технологиясы» мемлекеттік гранты аясында ұйымдастырылған. Сауал қорытындысы қазіргі таңда ел көлемінде 222 волонтерлік ұйым белсенді жұмыс істеп отырғанын көрсеткен.

Аймақтардағы еріктілер қызметі негізгінен білім беру, мәдениет, қоршаған ортаны қорғау, қиын өмірлік жағдайға тап болған мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсетуге қатысу, спорттық іс-шараларда волонтерлік қызмет ету, халықтың әлеуметтік осал топтарына және паллиативтік көмек көрсету және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге қатысу бағыттарында ұйымдастырылады екен.

Сондай-ақ, аталған министрлік «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-мен бірлесіп еріктілер қызметін дамыту бойынша функционалдық «Qazvolunteer.kz» онлайн-платформасын әзірледі.

Ол еріктілердің өзара іс-қимыл арналарын жақсарту, еріктілер мен еріктілер ұйымдарының қызметін үйлестіру, жобаларды, бағдарламалар мен акцияларды және тағы басқа ақпараттық қолдауды жүзеге асыру мақсатында құрылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT