Қазақстанда 22 су қоймасы салынады

ТАРАЗ.ҚазАқпарат - Қазақстанда су жетіспеушілігі мәселесі жаңа су қоймаларының есебінен шешілмек. Бұл туралы Таразда Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары өкілдерінің қатысуымен өткен өңіраралық кеңесте айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Еліміздің 7 облысында 22 су қоймасын салу жоспарланып отыр. Олар: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңығстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары. Құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталуы тиіс.
Жаңа су қоймалары 1,9 текше метр ағын суды тосып алуға мүмкіндік береді. 22 су қоймасының жалпы құны 57,2 млрд теңгені құрайды.
Мәжіліс барысында осы уақытта аталған мәселе бойынша инвестициялық ұсыныс түсіп, ол тиісті органдар тарапынан мақұлданған соң Қаржы министрлігіне техника-экономикалық негіздемелері мен жобалау-сметалық құжаттарын дайындауға жіберілетіндігі айтылды.
Сонымен қатар, 2017-2021 жылдарды қамтитын Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша, гидротехникалық құрылғылардың тиімділігін арттыру мен оның жұмысқа қабілеттілігін сақтау бойынша іс-шаралар қарастырылған. 2018 жылдан бастап, 26 апатты жағдайдағы су қоймаларын қайта жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр. Өз кезегінде бұл шара су шаруашылығы құрылғыларын пайдалануда қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, 148 га аймақтағы жердің суармалылығын арттырады.
- Жамбыл облысында департамент басшысы алаяқтық бойынша тергеліп жатыр
- Алматыдағы крематорийдің құрылысы қашан аяқталады
- Жамбыл облысында қарлы боран: шұғыл штаб құрылды
- Нұр-Сұлтанда кәсіпкерден пара алған шенеунік 42 млн теңге айыппұл төлейді
-
Елімізде жол саласына орта есеппен 3 мыңға жуық маман керек
-
Ералы Тоғжанов Қордай ауданында вакцина шығаратын зауыттың құрылысымен танысты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам