Қазақстанда 22 қыркүйекте өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 22 қыркүйекте өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.

АСТАНА
Сағат 09:00-де Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы «Салауатты жүрек айлығы 2018» науқанының аясында қайырымдылық велошеруін өткізеді.

Сағат 10:00-де «Барыс Арена» көпфункционалды мұз сарайында «Astana Bastau. Бизнес аумағы» Бірінші инвестициялық және кәсіпкерлік форумы басталады.

Сағат 12:00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ғимаратында ведомство басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы Моңғолиядан келген қандасымыз, бүркітші Айшолпан Нұрғалиды қабылдайды.

Сағат 14:00-де «Жетісу» саябағында «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Jalyndy Zhastar» фестивалі ұйымдастырылады.

Сағат 15:00-де Қазақстан Республикасындағы Украина Елшілігінде орналасқан Мәдени-ақпараттық орталықта украиндықтардың Бүкіләлемдік конгресінің президенті Қазақстандағы осы ұлт өкілдерінің белсенділерімен кездеседі.

Сағат 16:00-де «Мәскеу» бизнес-орталығының аумағында «Astana Art Show» жобасының аясында «Қайта қосылу. Кеңістіктің оңтайлануы» тақырыбында көрменің ашылуы өткізіледі.


АЛМАТЫ
Сағат 08:00-де Тұңғыш Президент саябағында «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында Almaty Street Fitness-тің тегін жаттығуы өтеді.

Сағат 10:00-де Халық шаруашылығы университетінде 7-12 жас аралығындағы балалар арасында «VeloFriends Junior - 2018» әуесқой сайысы ұйымдастырылады.

Сағат 18:30-да «HALYK ARENA» стадионында «Балалар Еуровидениесі» байқауының республикалық іріктеуінің финалы болады.


КӨКШЕТАУ
Сағат 11:00-де Бурабайда тұңғыш рет «BURABAY NOMAD FOOD» халықаралық аспаздық фестивалі өтеді.


ҚОСТАНАЙ
Сағат 10:00-де қалалық шахмат клубында облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің жүлдесі үшін жылдам шахматтан ашық чемпионат өтеді.


ҚЫЗЫЛОРДА
Сағат 9.00-13.00 аралығында «Абылай ханның қара жолы» экспедициясы мүшелерінің Қызылорда облысындағы сапары аясында түрлі мәдени іс-шаралар өткізіледі. Экспедиция мүшелері Қызылорда қаласындағы облыстық тарихи өлкетану музейі жұмысымен танысып, «Абылай хан және оның тарихи дәуірі» атты дөңгелек үстел мәжілісіне қатысады.

Соңғы жаңалықтар