Қазақстанда 22 қарашада өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 22 қарашада өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 09.00-де ҚР Тұңғыш Президенті Қорының ғимаратында Халықаралық ғылыми форум басталады.

Сағат 09.30-де Ішкі істер министрлігінде Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың қатысуымен Ішкі істер органдарын жаңғырту туралы брифинг өтеді.

Сағат 09.40-та «Думан» қонақ үй кешенінде Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығымен бірлесіп семинар-тренинг өткізу жоспарлануда. Семинар-тренингтің тақыбыры: «Діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу бойынша, сондай-ақ мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын ңығайту жөніндегі жұмыстарға тартылатын мамандардың біліктілігін арттыру: Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдарға байланысты мәселелерді БАҚ-та жариялау ерекшеліктері».

Сағат 10.00-де Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

Сағат 10.30-да ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі Кеңестің XXII кезекті отырысы өтеді.

Сағат 14.00-де республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің отырысы өтеді.

Сағат 15.00-де «Mega Silk Way» ойын-сауық орталығында Каспий Құбыр Консорциумы және «National Geographic Qazaqstan» журналының бірлесуімен «Ұлы дала киесі» атты тақырыпта фотокөрменің ашылу салтанаты өтеді.

Сағат 15.00-де «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында «Нұр Отан» партиясының денсаулық сақтау бағыты бойынша комиссиясының «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасы талқыланады.

Сағат 15.00-де Астанадағы «Керуен сити» СО орталығында отандық жаңа «Күлтегін» толықметрлі анимациялық фильмінің балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық көрсетілімі өтеді. Мультфильм түрік қағанатының даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің жастық шағы туралы баяндайды.

Сағат 15.30-да Инвестициялар және даму министрлігінің Медиа-орталығында өтетін Геология және жер қойнауын пайдалану Комитетінің және«Қазгеология» ҰГК» АҚ 2018 жылдың 10 айы бойынша атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша брифингі басталады.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де «TheRitz-Carlton» қонақ үйінде «Орталық Азия халықтарының сәндік-қолданбалы өнері» көрмесі өтеді.

Сағат 10.00-де ҚР ҰҚК Шекара қызметінің академиясында ««Қазақстан-2050» стратегиясы шеңберінде ЖОО-дан кейін әскери білім беру технологиялары мен мазмұны» тақырыбында ведомствоаралық конференция өткізіледі.

Сағат 10.00-де «ТҰРАН» университетінде «Қазіргі Қазақстандағы ғылымның қажеттілігі мен инновациялық даму» тақырыбында ғылыми конференция өткізіледі.

Сағат 11:00-де Қазақстан баспасөз клубында Алматыда бизнесті дамыту мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Шараны өткізудегі мақсат - қоғам мен мемлекет басшылығына алматылық кәсіпкерлердің қысымға ұшырағанын, жоспардан тыс тексерулер қалай басталатынын және мемлекеттік органдардың кейбір өкілдерінің кәсіпкерлерге кедергі келтіретінін жеткізу болып табылады. Баспасөз мәслихатының ұйымдастырушылары - «Мизам» көтерме-бөлшек сауда орталығы.

Сағат 11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында «Есепшілер армиясы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 13.00-де Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында футзалдан ұлттық чемпионаттың финалы өтеді.

Сағат 15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» кітаптар сериясының таныстырылымы өтеді.

ШЫМКЕНТ

Сағат 15.00-де Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен  Шымкент  қаласында алғаш рет «Студенттерге қызмет көрсету орталығы» ашылмақ. 

Сағат 17.00-де «Отырар» телеарнасының  мәжіліс залында емханаға тіркелу науқанының аяқталуына байланысты брифинг өтеді.

КӨКШЕТАУ

Сағат 11.00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Ұлттық банкі Ақмола облыстық филиалы директорының орынбасары Гүлнәр Омарованың қатысуымен «7-20-25» бағдарламасының Ақмола облысында жүзеге асуы» тақырыбында брифинг өтеді.

Соңғы жаңалықтар