Қазақстанда 22 қаңтарда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі елімізде 22 қаңтарда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10.00-де Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерін сатып алу мәселелері талқыланды.

Сағат 10.00-де Энергетика министрлігінде мұнай-газ компанияларының экологиялық жауапкершілігінің екінші рейтингісінің қорытныдысы жариялау бойынша салтанатты іс-шара өтеді.

Сағат 11.00-де Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Әбдіқалықова Армения Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Г Галачянмен кездеседі.

Сағат 11.00-де Сенатта Сыртқы байланыстар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген мәжілісі өтеді.

Сағат 11.00-де Паралимпиялық жаттығу орталығында Астана қаласы әкімдігінің жанындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт мектебінің ашылуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 12.00-де Астана қаласы әкімдігі «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтеріліс тізгіншілерінің бірі, ханның сенімді серігі, елін қорғаған батырлардың бірі, Арғын руынан тарайтын Қарауыл Бекмырза баласы Баубек батырға арналған «Батырлар Рухы » атты іс-шарасы өтеді.

Сағат 15.00-де Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюрода брифинг өтеді. Брифингте Ұлттық бюро аппаратының жетекшісі Хакім Кушкалиев 2019-2021 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дамытудың жол картасымен таныстырады.

Сағат 15.30-да Сенатта 2014 жылдың 29 мамырындағы «Еуразиялық экономикалық одақта сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы шартты ратификациялау туралы», «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобалары бойынша Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 11.00 Rixos қонақ үйінде БАҚ өкілдері үшін баспасөз конференциясы өтеді. Баспасөз мәслихатында қазақстандық композитор Еркеш Шакеев пен танымал бизнесмен Еркін Тәтішев 18-28 жас аралығындағы Қазақстанның талантты музыканттарын тыңдау туралы әңгімелейді. Табысты орындаушылар Грузияның Цинсандали қаласындағы жаңа халықаралық классикалық музыка фестиваліне қатысады.

Соңғы жаңалықтар