Қазақстанда 22 ақпанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 22 ақпан күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10.00-де Сенатта «Ветеринарлық қауіпсіздік жағдайы және оның заңнамалық қамтамасыз етілуі» тақырыбында дөңгелек үстел басталады.

Сағат 10.00-де Қазақстан Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясында қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру туралы заң жобасының тұжырымдамасын талқылау үшін криминологиялық форумның отырысы өтеді.

Сағат 12.00-де «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалында «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығын мерекелеуге арналған «20 жақсы іс» акциясы мен «Наурыз шақыру» акциясы аясында жобалардың тұсаукесері өтті.

Сағат 16.00-де ҚР БҒМ ведомствоаралық комиссиясы Дүниежүзілік банктің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде «Инклюзивтік инновациялар консорциумдары» гранттық бағдарламасы бойынша жобаларды іріктейді.

Сағат 16.00-де Астана қаласы әкімдігінде «Мемлекеттік қызметті дамыту және кадр саясаты» тақырыбы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қалалық департаментінің қорытынды отырысы өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 09.00-де Қазақ медицина университетінде үздіксіз білім беруде «Ара мен ара шаруашылығы өнімдерін ұрықтандыру арқылы ауруларды емдеудегі теориялық және практикалық аспектілер» атты апитерапия бойынша ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Сағат 10.00-де «Ерменсай» жобасы бойынша электр стансасында баспасөз мәжілісі өтеді. Іс-шарада Алматы қаласының энергияны қайта жабдықтау және үздіксіз энергиямен жабдықтау, жобаның технологиялық аспектілері талқыланады.

Сағат 11.00-де Ұлттық кітапханада ақын, драматург Әбділдә Тәжібаевты еске алу кеші өтеді.

Сағат 12.00-де «World Class» фитнес-клубында Қазақстан шахмат федерацияның 2018 жылға арналған іс-шараларының қорытындылары талқыланып, 2019-шы жылдардың жоспарлары туралы айтылады.

ҚЫЗЫЛОРДА

Сағат 18.00-де Қызылорда облыстық филармониясының концерт залында халық ақыны, композитор Кенен Әзірбаевтың 135 жылдығына орай «Ән кемеңгері» атты жергілікті өнер иелерінің концерті басталады.

Соңғы жаңалықтар