Қазақстанда 21 наурызда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 21 наурызда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 09.00-де «Сарыарқа» велотрегінде Жастар жылына арналған мерекелік велошеру басталады.

Сағат 11.00-де Наурыз мейрамына орай ЭКСПО аумағында мерекелік шара басталады.

Сағат 12.00-де «Астана Опера» ашық театр алаңында «Наурыз» жаңа форматта мерекеленеді.

Сағат 15.00-де Астана қаласындағы Достық үйінің алдындағы алаңда (24/9 Бауыржан Момышұлы көшесі, 24/9) Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысының белсенділері «Наурыз - Бірлік - Елбасы» флешмобын өткізеді.

Сағат 14.00-де Астанада «Дәулет» спорт кешенінде Наурыз мерекесіне орай «Өнер барысы» атты қазақ күресінен республикалық турнир өтеді.

Сағат 18.00-де «Қазақстан» Орталық концерт залында итальяндық дизайн күні өтеді.

Сағат 21.00-де «Астана - Арена» стадионында Қазақстан мен Шотландияның ұлттық құрамалары арасында матч өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де «Наурыз мейрамы» қалада кең ауқымда аталып өтеді. 2000 адам қазақ эпосы, аңыздары мен ертегілерінің костюмдерін киіп, Алматы қаласының басты көшелерінен: Абай және Абылай хан даңғылдарынан Қабанбай батыр көшесіне дейін өтіп, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына барады.

Сағат 11.00-де Жібек Жолы көшесінде «Болашақ» атты бұқаралық серуен өтеді.

Сағат 16.30-да Ықылас атындағы Ұлттық музыкалық аспаптар мұражайында Әзербайжан, Ресей, Түркия, Эстония, Испания, Ұлыбритания, Германия және Жапониядан келген қонақтар - тарихшылар, мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен «Азия орталығында Наурыз» халықаралық форумы өтеді.

Соңғы жаңалықтар