Қазақстанда 21 мың науқас коронавирустан емделіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 22 маусымдағы ақпарат жарияланды.

22 маусымдағы мәлімет бойынша, 21 330 адам коронавирус инфекциясынан (20 147 КВИ+ және 1183 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде 6 310 пациент стационарда, 15 020 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Коронавирусқа шалдыққандар арасында:

• 419 адамның жағдайы ауыр

• 95 пациенттің жағдайы өте ауыр

• 59 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Соңғы тәулікте коронавирустан - 7, пневмониядан - 6 адам қайтыс болған.



Соңғы жаңалықтар