Қазақстанда 21 қыркүйекте өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 21 қыркүйекте өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады.

АСТАНА

Сағат 09:00-де EXPO Конгресс-орталығында Қазақстан машина жасаушыларының VI Форумы өтеді.

Сағат 10:00-де Сенатта шығармашылық процесс заңын жетілдіру мәселелеріне арналған үкімет сағаты өтеді.

Сағат 10:00-де С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті «Университеттің және жұмыс берушілердің экономиканың нақты секторы үшін кадр даярлаудағы әріптестігі» тақырыбында республикалық форум өткізеді. 

Сағат 10:00-де «Park Inn by Radisson Hotel» қонақ үйінде «Жаңа геосаяси және геоэкономикалық жағдайдағы Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығының келешегі» атты халықаралық конференция өтеді. Конференцияның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ), Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық және аймақаралық зерттеулер институты (САЗИ), Астанадағы Фридрих Эберт қорының өкілдігі (Германия).

Сағат 11:00-де «Sputnik Қазақстан» мультимедиалық баспасөз орталығында Астананың 20 жылдығы аясында «20 тау шыңы» экспедициясының аяқталуына байланысты баспасөз мәслихаты басталады.

Сағат 11:00-де БАҚ өкілдерімен «Монополияға қарсы заңнаманы бұзу саласында тергеу жүргізу туралы» тақырыпта кездесу өтеді.

Сағат 11:30-да Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді. Баяндамашы - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Сағат 14:20-да Орталық коммуникациялар орталығында «Қазақстан» РТРК АҚ тапсырысы бойынша түсірілген «Көшпенділер» атты деректі фильмге қатысты брифинг өтеді.

Сағат 17:00-де Назарбаев Орталығында Әлеуметтік Мейірімділік 2018 форумы басталады.

Сағат 17:00-де «Қазмедиа Холл» киноконцерт залында «Электронды коммерция орталығы» АҚ-ның 40 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш ұйымдастырылады.

АЛМАТЫ

Сағат 10:00-де Қазақ ұлттық онкология және радиология зерттеу орталығында Қазақстан онкологиялық қызметінің 100 жылдығына орай медицина ғылымының докторы Сәкен Нұғымановтың қатысуымен Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.

Сағат 10:00-де «Тұран» университетінде Алматы қаласының құрылыс және сәулет, мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне арналған Қоғамдық кеңестің отырысы басталады.

Сағат 11:00-де Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік Өнер музейінде «Бейбітшілік және Мейірім симфониясы» атты балалар шығармашылығының көрмесі ашылады. 

Сағат 11:30-да Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Ұлттық сараптама орталығы» Алматы қалалық филиалы жұмысының негізгі бағыттары» атты баспасөз мәслихаты басталады. Спикер ретінде жиында аталмыш филиалдың директоры Жұмаш Сандықбаев сөз сөйлейді.

Сағат 12:00-де Қазақстан баспасөз клубында тұрғындарды жылдағыдай емханаға тіркеу науқанына арналған брифинг өткізіледі. 

Сағат 12:00-15:00 аралығында ҚР Орталық музейінде «Тарих - тамыр, тіл - тұғыр» тақырыбында шара ұйымдастырылады.

Сағат 17:00-де Almaty Management University-де Ержан Тәтішев қоры мен Астана қаласы әкімінің гранттарын тапсыру шарасы ұйымдастырылады.

ТҮРКІСТАН

Сағат 10:00-де Түркістан қалалық Мәдениет үйінде «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай мектеп оқушылары арасында XXII «Ясауитану-2018» Халықаралық байқауының ашылу салтанаты өтеді. Жеңімпаздар сағат 17:00-де марапатталады.

ҚЫЗЫЛОРДА

Сағат 11:00-де Қызылорда облысы әкімдігінің мәжіліс залында аймақтағы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне арналған «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жария етудегі БАҚ рөлі» тақырыбында семинар-тренинг өтеді. 

Сағат 18:00-де Қызылорда облыстық филармониясының концерт залында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының 50 жылдық мерейтойы аясында «Тараздан сазды сәлем» концерттік бағдарламасы болады.

АҚТӨБЕ

Сағат 09:00-де «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие орталығы салтанатты түрде ашылады. 

Сағат 10:00-де Өнер орталығында Аналар слеті өтіп, КСРО халық әртісі Б.Төлегенова, Социалистік еңбек ері В.Сидорова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері М.Айтқожина және т.б. сөз сөйлейді. Слет кезінде әйелдің қоғамдағы рөлі мен мәртебесін көтеру, демографиялық саясатты дамыту, қазіргі отбасылар, ана мен бала проблемалары сынды өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешудің нақты жолдары әзірленеді деп күтілуде.

АҚТАУ

Сағат 11:00-де «Абай» атындағы мәдениет кешенінде Ақтау қаласының тарихынан сыр шертетін суреттер көрмесі өтеді.

Сағат 15:00-де «Абай» атындағы мәдениет кешені алдында Абай ескерткіші ашылады.

Сағат 17:00-де Ақтау қаласының 55-жылдығына орай, 15-шағын аудандағы теңіз жағалауында спорттық шаралар өтеді.

Сағат 18:00-де 15-шағын аудандағы теңіз жағалауында «Түп-төркінін төрге оздырған Маңғыстау» тақырыбында этнографиялық фестиваль басталады. 

Сағат 19:00-де 15-шағын аудандағы амфитеатрда «Туған күніңмен, сүйікті қалам!» гала-концерті болады.  

Соңғы жаңалықтар