Қазақстанда 21 қыркүйекте болатын маңызды шаралар анонсы

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 21 қыркүйек күні болатын маңызды шаралардың анонсын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 11:00-де онлайн трансляцияда ҚР ІІМ Қылмыстық полиция департаментінің бастығы Думан Таевтың брифингі өтеді. Брифинг тақырыбы: Адам саудасымен күрес.

АЛМАТЫ

Сағат 11:00-де Жібек жолы көшесі 50 мекенжайында орналасқан «Квартал» кеңсесінің 600 бөлмесінде «Мемлекеттік басқарудың қазақстандық үлгісін жаңғыртудағы саяси партиялардың рөлі» атты тақырыпта қоғамдық пікірталас өтеді. Шара офлайн режимінде өтеді және оған бірқатар азаматтар онлайн режимінде қосылады. Пікірталасқа саясаттанушылар, партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және басқалар қатысады.


Соңғы жаңалықтар