Қазақстанда 21 қарашада өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 21 қарашада өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

Сағат 09.30-де «Hilton» қонақ үйінде «Цифрландыру дәуірінде мемлекеттік қызметті көрсету саласының даму келешегі» тақырыбында конференциясы ұйымдастырылады.

Сағат 10.00-де Мәңгілік Ел даңғылындағы С 4.6 павильонында «Мемлекетаралық инновациялық ынтымақтастықты нығайту мақсатында жаңа нарықтар мен технологияларды дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Сағат 12.20-де Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шенберіндегі Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтеді. Спикер: Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов.

Сағат 15.00-де Ақордада Мемлекет басшысы дипломатиялық корпуспен кездеседі.

Сағат 15.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз орталығында  ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы баспасөз конференциясын өткізеді.

Сағат 16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «2019 жылғы бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындықтың барысы туралы»  баспасөз конференция өтеді. Спикер: ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов.

Сағат 17.00-де Ақордада азаматтық мәселелер бойынша комиссия отырысы басталады.

Сағат 17.00-де «Хан Шатыр» ойын сауық орталығында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» 2018 жылғы Жолдауы аясында және «2019 жыл - Жастар жылын» қолдау мақсатында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің белсенді жастарының ұйымдастыруымен «БОЛАШАҚҚА ЖАҢА СЕРПІНМЕН!» атты акциясы өтеді. Акция аясында 200-ден астам университет белсенділері Тұңғыш Президент күніне орай «Флешмоб»  ұсынады.

Сағат 17.30-де «Қазмедиа» орталығының (Киноконцерт залы) «Әділет алаңы» сериалының тұсаукесері өтеді.

Сағат 18.00 «Astana Music Hall»-да «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының шеңберінде жыл сайынғы «Жан-Шуақ» сыйлығымен марапаттау рәсімі өтіп, оған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев қатысады.

АЛМАТЫ

Сағат 09.00-де Holiday Inn Almaty қонақ үйінде ХІ республикалық «Media Құрылтай» өтеді.

Сағат 11.30-да Алматы қаласының Аймақтық коммуникациялар қызметінде «Әлеуметтік ынтымақтастықтың жаңа форматындағы кәсіподақтар» тақырыбында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

Сағат 19.30-да Kinopark 11 IMAX ойын-сауда орталығының ESENTAI MALL орталығында «Шашу» телесериалының алдын ала көрсетілімі өтеді.

ТҮРКІСТАН

Сағат 12:00-де Түркістан қаласы «Есімхан» алаңында «AGROFEST-2018» ауыл шаруашылығы фестивалі өтеді. Аталған шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысады деп күтілуде. Фестиваль аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, заманауи техникалар мен аграрлық саладағы жетістіктерді айшықтайтын ауыл шаруашылығы көрмесі, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтеді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласындағы озат қызметкерлер түрлі номинациялар бойынша арнайы сыйлықтармен марапатталады. Мерекелік шара облыстық өнер жұлдыздарының гала концертіне ұласады.

КӨКШЕТАУ

Сағат 13.00-де «Бурабай» спорт сарайында армрестлингтен өткен әлемдегі ең ірі турнирде күміс және қола медальге ие болған Дмитрий Тюковпен кездесу өтеді.

ШЫМКЕНТ

Сағат 16:00-де Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің отырысы өтеді. Кеңесте кәсіпкерлерге мемлекеттік құрылымдар - сәулет және қала құрылысы, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармалары тарапынан туындайтын әкімшілік кедергілер қарастырылады. Атап айтқанда, сыртқы жарнаманы орналастыру үшін салық салу саласында бизнестің проблемалық мәселелері, сондай-ақ жарнамалық құрылымдарды орнатуға рұқсат беру кезінде жасанды түрде туындайтын кедергілер қарастырылатын болады.

Соңғы жаңалықтар