Қазақстанда 21 ақпанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 21 ақпан күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 09.00-де «Қазмедиа орталығында» 2018 жылғы атқарылған жұмысын қорытындылауға және 2019 жылға жоспарланған басымдықтарды айқындауға арналған Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алқа мәжілісі өтеді.

Сағат 09.30-да Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында республикалық білім беру семинар-тренингі өз жұмысын бастайды.

Сағат 10.00-де Сенаттың кезекті отырысы болады.

Сағат 10.00-де Назарбаев орталығында «Тәуелсіз Қазақстан жастарының құндылықтары мен күтілімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі.

Сағат 10.30-да оңалту және банкроттық процедураларын жетілдіру мәселелері бойынша Мәжілісте дөңгелек үстел басталады.

Сағат 11.00-де Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел отырысы өтеді. Тақырыбы: «Арал өңірінің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мәселелерін заңнамалық реттеу».

Сағат 11.00-де «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан 2021: бірлік» сайлау бағдарламасының аграрлық саласы бойынша комиссиясының отырысы өтеді.

Сағат 12.30-да «Tolles Diktat-2019» деп аталатын Халықаралық ашық науқан Еуразия ұлттық университетінде өтеді. Оның мақсаты неміс тілін насихаттау және оны үйренуге ынталандыру, ТМД, жақын және алыс шет елдердегі неміс ұйымдарымен серіктестік қарым-қатынасты дамыту және қолдау.

Сағат 14.00-де Астанада «Ritz-Carlton» қонақ үйінде Қазақстанда биоалуантүрллікті қаржыландырудың жаһандық бастаманың (бұдан әрі БИОҚАРЖЫ) екінші фазасын енгізу жөнінде кіріспе семинар өткізіледі.

Сағат 14.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Ұлттық музейдің 5 жылдығына және Дүниежүзілік экскурсия жүргізушілер күніне орай ұйымдастырылған «Жұлдызды гид» шоу-бағдарламасы өтеді.

Сағат 15.00-де «Астана хабта» Мәжіліс депутаты М.А. Айсинаның төрағалық етуімен «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты комиссияның отырысы өтеді. Отырыс «Нұр Отан» партиясының сайлау бағдарламасының «Қазақстан Республикасындағы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс істеуі» тақырыбында «Мемлекеттік қызметтерді көрсету» бағыты бойынша өтеді.

Сағат 15.00-де ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ДДСҰ-мен бірлесіп, тамақ өнеркәсібі қауымдастықтарының, денсаулық сақтау, білім беру ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасында дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру» атты дөңгелек үстел ұйымдастырады.

Сағат 16.00-де Астана қаласының Достық үйінде Солтүстік Кавказ (вайнах) халқының жер аударуының 75 жылдығына арналған еске алу күні өтеді.

КӨКШЕТАУ

Сағат 14.00-де Жоғарғы колледжде (бұрынғы Жамбыл атындағы Сервистік-техникалық колледж) асық ату мен бас асықтан Ақмола облыстық чемпионаты басталады.

ТҮРКІСТАН

Сағат 12:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы 2018 жылы атқарылған жұмыстар мен ағымдағы жылғы жоспарлар жайында баспасөз мәслихатын өткізеді.

Спикер: Басқарма басшысы - Полат Қырықбаев

Соңғы жаңалықтар