Елімізде 21,7 млн тонна астық бастырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 15 қазандағы жағдай бойынша, 21 млн 735,2 мың тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес, есепті кезеңде ауыл шаруашылығы өндірісшілері 14 млн 861,7 мың гектар немесе өңірлердегі жалпы астық алқаптарының 98,7%-ында астық орылған. Орташа өнімділік гектарына 14,6 центнерді құрады.
2017 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіш 15 млн 315,7 мың гектар немесе 99,7%-ды, ал орташа өнімділік гектарына 14,3 центнерді құраған болатын.
Қазақстанда 2018 жылы астық орылатын алқаптардың жалпы аумағы 15 млн 63,1 мың гектарды (2017 жылы - 15 млн 365,2 мың га) құрайды. Сонымен қатар, биылғы егістік науқанында жалпы 15 млн 122,6 мың гектар аумаққа дән себілген, ал былтыр бұл көрсеткіш - 15 млн 411,6 мың гектарды құраған болатын.
- Марат Оразаев АШМ аппаратының басшысы болып тағайындалды
- Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
- Қазақстанда ет қоры жеткілікті – АШМ
- Әзербайжаннан қызанақ алып келуге уақытша тыйым салынды – ҚР АШМ
-
Жетісайлық диқандар қырыққабат егуді бастады
-
Ақмола облысында өткен жылы ауыл шаруашылығы бойынша 40 жоба іске асырылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам