Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 20 °С
Алматы: 20 °С
USD 328.31 EUR 386.62
RUB 5.27 CNY 51.49
Жаңалықтар

Қазақстанда 2025 жылға қарай 4 трлн теңге салық жинау көзделіп отыр

2018 жылғы 18 мамыр 12:01 633
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 2025 жылға қарай 4 трлн теңге салық жинау көзделіп отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан жаңа Салық кодексінің нәтижесінде 2025 жылға қарай қосымша 4 трлн теңге салық жинауды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Global Challenges Summit 2018 форумының екінші күнгі жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Цифрландыру министрдің жұмысын емес, xалықтың өмірін жеңілдету керек - Эстонияның тәжірибесі Қазақстанда электронды сауданы қалай дамыту қажет - Amazon-ның кеңесі

«Бүгінде экономикалық өсімнің жаңа моделі, сапалы экономикалық өсімге көшу қажеттігін түсінеміз. Ол экономиканың индустриалды технологиялық трансформациясының мөделі ретіндегі төртінші өнеркәсіптік революция екендігі сөзсіз. Ал «Рухани жаңғыру» адам капиталын кешенді дамыту бағдарламасына келсек, қоғамдық сананы жаңғыртпай экономиканы жаңғырту мүмкін емес. Мемлекет басшысы ұсынған тағы бір жаңа стратегия қазақстандықтарға арналған әлеуметтік топта 5 әлеуметтік бастама бар», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Осы ретте Премьер-Министр бұл стратегиялық міндеттердің қалай орындалатындығына тоқталды.

«Бұл орайда үш деңгейді анықтап алуға болады. Біріншісі бізге қажетті жүйелі реформа болмақ. Біз ол жайында айтқан кезде жекешелендіру арқылы жүргізілетін экономиканың құрылымдық өзгерістеріне баса назар аударамыз. Қазіргі уақытта жекешелендірудің екінші толқыны аясында 800-ден астам компания сатылымға шығарылды. Процесс жоспарға сай жүргізілуде», - деді ол.

Қазақстанда 2025 жылға қарай 4 трлн теңге салық жинау көзделіп отыр

Оның атап өтуінше, жекешелендіруге шығарылған 65-топ компания барлық инвесторлардың қызығушылығын тудырып отыр. Оның ішінде 9 ұлттық стратегиялық компания ІРО арқылы жекешелендірілетін болады. Ағымдағы жылы «Эйр Астана», «Қазатомөнеркәсіп», «Қазақтелеком» компаниялары ІРО-ға шығырлады деп күтілуде.

Сонымен қатар ол Қазақстанда қабылданған жаңа Салық кодексіне де тоқталды.

Қазақстанда 2025 жылға қарай 4 трлн теңге салық жинау көзделіп отыр

«Өткен жылы біз жаңа Салық кодексін қабылдап, ол ағымдағы жылдың басынан қолданысқа енді. Салық реформасы инвестициялық өсім көздерін іздеуге бағытталған. Аталған өзгерістердің аяғында біз 2025 жылға қарай қосымша 4 трлн теңге салық жинауды жоспарлап отырмыз», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Қазақстанда 2025 жылға қарай 4 трлн теңге салық жинау көзделіп отыр

Қазақстанда 2025 жылға қарай 4 трлн теңге салық жинау көзделіп отыр

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат