Қазақстанда 2020 жылға дейін 2 669 тұрғын үй жөнделеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реформалау мақсатында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы заң жобасы туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтып берді.

«Заң жобасында Қазақстан Республикасының 3 кодексі мен 12 заңына өзгеріс енгізу көзделген», - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, заң жобасын әзірлеу үшін министрліктің бұйрығына сәйкес, 55 адамнан құралған жұмыс тобы жасақталды. Оның құрамына тұрғындар, заң шығару институтының сарапшылары, «Атамекен» ҰКП, БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Даму бағдарламасы, тәуелсіз қауымдастықтардың, бизнес-қоғамдастық өкілдері, т.б. кірді.

«Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтеріне сүйенсек, көппәтерлі тұрғын үйлердің жалпы саны - 78 657 болса, соның 53 089-ының жағдайы көңіл көншітерлік. Ал 20 437 тұрғын үйді күрделі жөндеуден шығару қажет. Тағы 2 176 үй апаттық жағдайда тұр», - деді ол.

Республикалық бюджет қаражаттары есебінен Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін 2 669 үй, қайтарылатын қаражаттарға 489 үй жөнделеді.

Соңғы жаңалықтар