Қазақстанда 2015 жылы «McDonalds» мейрамханалары ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы Қазақстанда «McDonalds» қазақстандық франчайзи Қайрат Боранбаевпен бірге жылдам тамақтану мейрамханаларын ашуға ниетті. Қазақстан «McDonalds» тамақтану орнын ашатын 121-ші ел болмақ, делінген аталмыш компанияның баспасөз хабарламасында.

«Қазақстанда өсу мен өркендеу үшін үлкен әлеует бар және Қайратпен жасалған келісіміміз біздің брендті бұдан әрі нығайтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті «McDonalds»-тың Еуропадағы президенті Даг Гор. - Біз қазіргі кәсіпорындардың тауар айналымын арттыру, бар нарықтарда жаңа кәсіпорындарды ашу және даму әлеуеті бар жаңа нарықтарға шығу мүмкіншіліктерін қарастыру арқылы Еуропадағы бизнесімізді дамытып жатырмыз». Қазақстандағы алғашқы «McDonalds» 2015 жылдың екінші жартысында ашылады деп жоспарлануда. Келушілерге мұнда жоғары сапалы өнім, үлгілі қызмет көрсету, WI-FI Free т.б. жайлы жағдайлар жасалмақ. Мәзірде дәстүрлі және әлемге танымал биг мак, фри, чикен макнаггетс және басқа да тағамдар болады. «McDonalds» әрқашан қазіргі заманға сәйкес бренд болып қалады, уақытпен қатар адымдап, тұтынушыларымыздың тілектеріне сәйкес өзгеріп отырады. Жаңа жұмыс орындарының ашылуын, келушілер үшін қазіргі заманға сәйкес және жайлы ортадағы жоғары сапалы өнімнің болуын, қызмет көрсету саласында «McDonalds» тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік беретін кәсіпорындардың Қазақстанда ашылуын асыға күтеміз», - деп атап өтті корпорация президенті Дон Томпсон. Қазіргі уақытта Беларусьтегі «McDonalds» франчайзиі болып табылатын Қайрат Боранбаев бизнес бастамаларды табысты жүзеге асыруда үлкен тәжірибесі бар қазақстандық бизнесмен. «Мен әлемге танымал «McDonalds» брендіне үлкен құрметпен қараймын және осы брендті өз елімде дамытуда серіктес болғаныма мақтанамын. Біз Қазақстан Республикасындағы алғашқы кәсіпорындардың ашылуы бойынша дайындық жұмыстарының басталуын асыға күтеміз», - деді Қайрат Боранбаев. «McDonalds» - дүниежүзі бойынша көшбасшы бренд, ол қоғамдық тамақтандыру саласында 100-ден астам елде күніне 70 миллионға жуық қонақтарға қызмет көрсетумен 35 000-нан астам кәсіпорынды біріктіреді. Аталмыш тамақтану орнының әлемдегі кәсіпорындарының 80%-дан астамы франчайзилерге тиесілі.

Соңғы жаңалықтар