Қазақстанда 20 сайт уақытша істемей тұр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоспардан тыс телекоммуникациялық тексеріс жұмыстарына байланысты 20 мемлекеттік сайт уақытша жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-на сілтеме жасап.

«2019 жылғы 16 ақпанда сағат 21:00-ден 17 ақпан сағат 13:00-ге дейін телекоммуникациялық жабдықтарда жоспардан тыс жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлайды», - делінген хабарламада.

Осыған байланысты, келесі интернет ресурстары қолжетімсіз болады:

- Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы;

- «Электрондық Үкімет» Порталы;

- «Электрондық Үкіметтің» Төлем Шлюзі;

- Қазақстан Республикасының Ұлттық Шлюзі;

- «Электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі;

- Қазақстан Республикасының Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;

- Міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі;

- «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры;

- «Ашық Үкімет» порталы;

- «Тауарларды таңбалау» сервистік бағдарламалық өнімі»;

- Сервистік бағдарламалық өнім «Монополист» базасы;

- Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің сайты;

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сайты.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Соңғы жаңалықтар