Қазақстанда 20 мыңнан астам азаматтың 3 және одан да көп пәтері бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынында бір тұрғын үй кешенінде 65 пәтері, жалпы оның меншігінде 67 пәтер бары анықталған. Көрсетілген тұрғын үйлерді жалға беру фактісі тексерілуде. Бұл туралы кеңірек ҚазАқпарат тілшісіне ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Бақылау департаменті директорының міндетін атқарушы Әнуар Сүлейменов айтып берді.

Мемлекеттік кірістер комитеті көлеңкелі экономикаға қарсы күрес шеңберінде пәтерді заңсыз жалға берушілерді анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ведомство қызметкерлері әртүрлі мемлекеттік ақпараттық жүйелердің деректері мен басқа ақпарат көздерін пайдаланады.

«Бұл ПИК мәліметі, саналы азаматтар мен көршілерден түскен ақпарат болуы мүмкін», - деді Әнуар Сүлейменов.

Алдын ала жасалған қорытынды бойынша, елімізде қазіргі уақытта 3 және одан да көп пәтерге меншік құқығы бар, алайда дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген және тиісті салықтар төлемеген 20 мыңнан астам тұлға анықталған. Олардың арасында 10-нан астам пәтерге меншік құқығы бар 150 тұлға бар, бұдан басқа бір тұлғаның иелігінде бір тұрғын үй кешенінде 65 пәтері бары анықталған.

«Жоғарыда келтірілген деректер жалға берілуіне егжей-тегжейлі талдау жүргізілетін қашықтықтан мониторинг жасау арқылы алынды. Жалпы, 2019 жылдың 5 ай ішінде жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша дара кәсіпкер ретінде 7 403 жеке тұлға тіркелген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 22%-ға немесе 1320 жеке тұлғаға көп. Салықтық түсім сомасы 37 %-ға өсті және 7 252,1 млн теңгені құрайды немесе 1 951,3 млн теңгеге көп», - деді ол.

Әнуар Сүлейменовтің айтуынша, жеке тұлғалардың да, сондай-ақ заңды тұлғалардың да дара кәсіпкер ретінде тіркелместен жылжымайтын мүлікті «жалға» беруге құқығы бар.

«2018 жылдың басынан бастап патент негізіндегі салық режімін қолданатын ДК үшін салық мөлшерлемесі, атап айтқанда пәтерді жалға берушілер үшін 2%-дан 1% -ға дейін төмендеді. Бюджетті есептеудің мұндай схемасы жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын және табысы жылына 3 528 АЕК-тен аспайтын жеке тұлғалар үшін қолжетімді. Мәселен, егер жалға беруден түсетін табыс айына 100 мың теңгені құраса, тиісінше, салық сомасы 1000 теңгені құрайды. Егер сіз бірнеше пәтерді жалға берсеңіз және, мысалы, пәтерді жинау үшін жалдамалы жұмысшыларыңыз болса, онда сіз жеңілдетілген декларацияны қолдана аласыз. Бұл кезде салық мөлшерлемесі 3% құрайды, төлем жарты жылда бір рет табысты алу фактісі бойынша жүргізіледі», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар