Қазақстанда 20 мың шақырым байланыс желісі салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағында 20 мың шақырым байланыс желісі салынады. Бұл туралы ҚазАқпарат Телекоммуникациялар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында 83 ауылға талшықты-оптикалық байланыс желілері жүргізілді. Олардың қатарында Алматы облысындағы Қалпе ауылы, Шығыс Қазақстан облысындағы Парыгино ауылы, Қызылорда облысындағы Кейден ауылы және т.б. бар. Жыл соңына дейін дәл осындай жұмыс облыс пен аудан орталығынан шалғай жатқан 685 ауылда жүргізіліп, мектептер мен ауруханалар, әкімдіктер жылдамдығы жоғары интернетке қосылады», - дейді Телекоммуникациялар комитеті төрағасы Зульфия Құдайбергенова.

2020 жылдың соңына дейін Ауылдарды жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ету жобасы аясында 1 250 елдімекен талшықты-оптикалық желілер тартылады.

«Бұл еліміз үшін тарихи маңызы бар жоба. Осының арқасында 20 мың шақырым талшықты-оптикалық байланыс желісі қазақстандық ауылдарға жүргізіледі. Сондай-ақ, бұл ұялы байланыс операторларына өздерінің базалық станцияларын орнатуға және жақын маңдағы ауылдарды 3G және 4G байланысымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар