Қазақстанда 20 қыркүйекте өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 20 қыркүйекте өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 08.30-да Назарбаев университетінің Медицина мектебінде «Реабилитология және курортологияның басым бағыттары» атты халықаралық VII ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Сағат 09.30-да ІІМ-де Парламент Сенаты депутаттарының ішкі істер органдарын жаңғырту мәселелері бойынша көшпелі отырысы өтеді

Сағат 11.00-де Үкімет үйінде «Тұрғын үйдің қолжетімділігі мен сапасын арттыру: «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру» тақырыбында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 11.00-де ҚР Ұлттық музейінде өтетін тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж.Қ.Таймағамбетовтың Нара Ұлттық мәдени құндылықтарды ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп шығарған «Изучение верхнепалеолитической культуры в Казахстане» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді.

Сағат 11.00-де «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі базасында Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы ұйымдастырған «Қызылжемсаулы қарашақаздың ұшу жолы» атты интерактивті жылжымалы көрменің ашылу салтанаты өтеді.

Сағат 14.00-де Конгресс орталығында Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және сұранысқа ие болуын арттыру мақсатында Нұр-Сұлтан қалалық соты мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді дамыту мәселелерін талқылау бойынша конференция өткізеді.

Сағат 15.00-де Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің елордалық департаментінің платформасында жастар ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор, қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «Президенттік кадрлық резерв -болашаққа қадам» тақырыбында форум өтеді.

Сағат 15.00-де «Monte Bianco» қонақ үйінде «Jastar Alany 2019» республикалық дебат турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Сағат 15.00-де «Алтын орда» БО-да Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті басшылығының «Тұтынушылардың ұлттық лигасы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен алғашқы рет кездесуі болады.

Сағат 16.00-де Оқушылар сарайында «Этникалық полифония» этномәдени бірлестіктердің есеп беру концерті басталады. Алғашқы концертті «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы» ҚБ-нің шығармашылық тобы өткізеді. Шараны ұйымдастырушы: Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Сағат 17.00-де Үкімет үйінің 15-қабатындағы мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның (бұдан әрі - Ұлттық комиссия) кезекті отырысы басталады.

Сағат 18.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында «Qazaq Speakers 2019» байқауы өз мәресіне жетеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Конкордия театрында ҚазҰМУ ректоры, профессор, медицина ғылымдарының докторы Талғат Нұрғожиннің Алматы жұртшылығымен есеп беру кездесуі өтеді.

Сағат 10.00-де «Ғылым Ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында құрылыс материалдары саласындағы көрнекті инженер-ғалым, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген құрылысшысы, Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткері Бүркімбай Паримбетұлының 90 жылдығына арналған «Қазақстанның XXI ғасырдағы құрылыс индустриясы: жетістіктері мен перспективалары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияның жалпы отырысы өтеді.

Сағат 10.30-да Tech Garden дербес кластерлік қоры Startup Kazakhstan бағдарламасының үшінші кезеңінің қатысушылары – стартаптарға арналған «Demo Day» финалдық шарасын өткізеді.

Сағат 11.00-де Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ғимаратында брифинг өтеді. Шара барысында азаматтық қоғаммен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі өзара іс-қимыл тәсілдері туралы ақпарат жарияланады. Сондай-ақ Қазақстандағы, оның ішінде Алматы қаласындағы сыбайлас жемқорлық жағдайына мониторинг жүргізу бөлігінде әлеуметтік зерттеудің қорытындылары таныстырылады.

Сағат 17.00-де Almaty Art Center-де қазақ халқының ұлттық бірегейлігі мен өзіндік ерекшелігін білдіретін кәдесый және сыйлық өнімдері нарығын ынталандыру мақсатында Алматы брендімен кәдесыйлық қолөнер өнімдері байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.


Соңғы жаңалықтар