Қазақстанда 20 қыркүйекте өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 20 қыркүйекте өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады.

АСТАНА

Сағат 09:00-де «Үкімет үйінде» «Қазақстан көлік құрастырушыларының VI форумының басталуы: Отандық көлік құрастырушылардың 2030 жылға дейінгі даму жоспары» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 09:15-те Экономика үйінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-мен бірге «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің қолданылу тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Сағат 09:30-да «Астана-Теплотранзит» АҚ «2017-2018 жылдардағы инвестициялық міндеттемелерді орындау» атты тақырыпта баспасөз-турын ұйымдастырады.

Сағат 09:30-да «Қазжол» қонақ үй кешенінің конференц-залында ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелерінде қоғамдық институттардың рөлі» тақырыбында республикалық конференция өткізеді.

Сағат 09:30-да Назарбаев Орталағында «Ядролық қарусыздандыруда қазақстандық-жапониялық ынтымақтастық: Бір тағдыр, жалпы мақсаттар» халықаралық конференциясы басталады.

Сағат 10:00-де Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрында қалалық еңбек форумы өткізіледі.

Сағат 10:00-де Тәуелсіздік Сарайында«Қазіргі заманғы сөз энергиясы» атты Еуразиялық әдеби форум өтеді. 

Сағат 10.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Ғылым көшбасшысы» сыйлығымен марапаттау рәсімі өтеді.

Сағат 11:00-де М.Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы және М.Нәрікбаев атындағы КазМЗУ бірлесе ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған «Астана - бейбітшілік бесігі» атты қазақ тіліндегі жалпықазақстандық диктант өткізіледі.

Сағат 14:00-де «Sputnik Қазақстан» мультимедиалық баспасөз-орталығында әскери оқытуға арналған ҰҚКҰ Бірлескен штабының бастығы Анатолий Сидоровтың брифингі өтеді.

Сағат 14:30-да «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының ХXVI кезекті конференциясы ұйымдастырылып, оған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пен Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов қатысады.

Сағат 15:00-де ҚР Энергетика министрлігінің ғимаратында жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша кеңес өткізіледі.

Сағат 15:00-де «Дәулет» спорт кешенінде ҚР Ұлттық гвардиясының Бас қолбасшысы Кубогы үшін қоян-қолтық турнирінің салтанатты ашылуы өтеді.

Сағат 15:15-те Үкімет үйінде Қуаныш Сұлтановтың төрағалығымен Елбасы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің әркімнің заңда тыйым салынбаған тәсілмен ақпарат алу және тарату бостандығы конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне арналған кеңейтілген отырыс өткізіледі.

Сағат 15:50-де Мемлекеттік кірістер комитетінде «Арнаулы салық режимдерін қолдану» тақырыбында брифинг өткізіледі.

Сағат 17:00-де Қазмедиа орталығында «Балапан» телеарнасының туған күніне арналған мерекелік кеш өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 9:00-де Worldhotel Saltanat Almaty-да Орталық Азия экономикаларына арналған БҰҰ арнайы бағдарламасының 20 жылдығына арналған экономикалық форум басталады.

Сағат 9:00-де «Shera park inn» қонақ үйінде Қазақстан медициналық генетиктерінің ІІ съезі өткізіледі. Аталған шараны Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырып отыр.

Сағат 10:00-де «БЖЗҚ» АҚ-да Қазақстан Республикасы зейнетақы жинақтау жүйесінің 20 жылдығына арналған ашық есік күні өткізіледі.

Сағат 10:00-де Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында «Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының тарихи негіздері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция басталады.

Сағат 10:00-де ҚР «Орталық мемлекеттік архив кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары» орталығында «Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының маңызды мәселелері» тақырыбында республикалық конференция ұйымдастырылады.

Сағат 11:30-да Алматы қаласының Аймақтық коммуникациялар қызметінде «Жобаларды қаржыландыру бағдарламасы аясында жұмыстарды атқару» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 16:00-де Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде қазақстандық суретші, ҚР суретшілер одағының мүшесі Арсен Дауытбаевтың жеке көрмесі өтеді.

АҚТӨБЕ

Сағат 11:30-да «Нұр Отан» партиясының ғимаратында «Қоғам және қауіпсіздік» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Шараға облыс әкімі Б.Сапарбаев, сонымен қатар, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдардың, оқу орындарының басшылары, бизнес және үкіметтік емес сектор өкілдері қатысады.

КӨКШЕТАУ

Сағат 11:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысы білім басқармасы басшының орынбасары Валерий Гамазовтың қатысуымен «Білім саласында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар» тақырыбында брифинг өтеді.

Сағат 15:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысы бойынша «Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру» АЕҚ филиалының директоры Нұрлан Ақылбековтың қатысуымен жыл сайынғы емханаға тіркеу науқаны жөнінде брифинг өтеді.

ҚОСТАНАЙ

Сағат 11:00-де Қостанай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен «Мемлекетті органдарда ФБШ негізінде еңбекақы төлеуді енгізу» тақырыбында брифинг өтеді.

Соңғы жаңалықтар