+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қазақстанда 20 қазаннан бастап карантин шектеуі жеңілдейтін болды

2021 жылғы 19 қазан 09:25
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 20 қазаннан бастап карантин шектеуі жеңілдейтін болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Алесей Цой Үкімет отырысында 20 қазаннан бастап Қазақстанда карантин шаралары жеңілдейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирустың таралуы: Қазақстанның басым өңірлері «жасыл» аймақта Алматыда үй карантинін бұзған 70 адамға айыппұл салынды

«Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын, сондай-ақ ведомствоаралық комиссияның вакцинацияға жататын контингенттің 70%-дан астамын екпемен қамтығанын ескере отырып, 2021 жылғы 20 қазаннан бастап мынадай шараларға рұқсат беру туралы шешім қабылданды:

Келушілер COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжатты немесе ПТР анықтамасын ұсынған кезде қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі сияқты медициналық-әлеуметтік объектілердің пациенттеріне баруға рұқсат беріледі», - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол түнгі клубтардың қызметі тек «жасыл» мәртебесі бар адамдарға арналатынын ескертті.

«Олардың толымдылығы 50%-ға дейін, бірақ «жасыл аймақта» 100 адамнан артық емес, «сары аймақта» 70 адамнан артық емес, «қызыл аймақта» 50 адамнан артық емес болуы шарт.

Ashyq жобасына қатысатын бизнес объектілерінің жұмыс уақыты «жасыл аймақта» сағат 03-00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары - сағат 05-00-ге дейін, «сары аймақта» сағат 01-00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары - сағат 03-00-ге дейін ұзартылады», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT