Қазақстанда 20 қазанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 20 қазанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 09:00-де елордадағы №66 мектепте Қазақстанның ғылыми және білім беру саласындағы басты жаңалық - STEM олимпиадасы өтеді. Қала мектептерінің командалары физика бойынша өз білім-білігімен сайысады.

Сағат 10:00-де Алаш тас жолы бойындағы алаңда бүркітші Күнтуған Тоқтыбайұлын еске алуға арналған Бүркітшілердің халықаралық турнирі басталады.

Сағат 10:00-де «Қазақстан» спорт кешенінде Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Сағат 14:00-де «Дәулет» спорт кешенінде Nomad MMA бойынша «Азия жауынгері» VIII халықаралық турнирі ұйымдастырылады.

Сағат 14:00-де «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының ғимаратында «7-20-25» бағдарламасын түсіндіруге арналған «Ашық есік күндері» өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 11:00-де Брусиловский көшесінде қала әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен «Жас қыран» балалар-жасөспірімдер футбол орталығының ашылуы өтеді.

Сағат 12:30-да «Ramada Almaty» қонақ үйінде «Алматы қаласының көліктік даму стратегиясы» тақырыбында Еуропалық одақ жобасының VI форумы өтеді.

Сағат 13:00-де «Halyk Arena»-да параби бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді.

Соңғы жаңалықтар