Қазақстанда 20 қарашада өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агентігі Қазақстанда 20 қарашада өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10.00-де The Ritz-Carlton Astana қонақ үйінде Қазақстанның өнеркәсіптік саласын цифрландыруға, инновациялық экожүйесін және креативті қоғамын дамытуға арналған баспасөз жиыны өтеді.

Сағат 10.00-де «Дәулет» спорт кешенінде қоян-қолтық күрес пен армялық қоян-қолтық күрестен IV ашық республикалық турнир басталады.

Сағат 11.00-де «Самұрық-Энерго» АҚ энергия өндіруші кәсіпорындарының 2018/2019 жж. күзгі-қысқы жылу маусымына дайындығы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. 

Сағат 11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді.

Сағат 11.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Студент жастардың арасында спортты және физикалық тәрбиені дамыту бағытының басымдықтары» атты семинар өтеді.

Сағат 12.00-де Албания Республикасының Сыртқы істер министрі Дитмира Бушатидың Қазақстан Республикасына сапары өтеді.

Сағат 12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Орта білім беруді жаңғырту» жобасын ресми іске қосуға арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 15.00-де Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтың қатысуымен тәртіп бойынша комиссия отырысы өтеді.

Сағат 17.00-де Қазмедиа орталығының 13-ші студиясында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен қазақтың танымал дәстүрлі әншілері, жыршы-термешілері мен күйшілері қатысатын «Інжу-маржан» атты жобасының түсірілім жұмыстары басталады,  жобаның тұсаукесерін «Қазақстан» телерадиокорпорациясының төрағасы Ерлан Қарин ашады. 

АЛМАТЫ

Сағат 10.30-да Royal Tulip қонақ үйінің конференц залында «Алматының спорттық энергиясы» атты кездесу өтеді.

Сағат 11.00-де Алматы қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаевтың қатысуымен «Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші туралы» тақырыбында баспасөз мәслихаты басталады.

Сағат 11.00-де Halyk Group жұмысының үшінші тоқсанына арналған брифинг ұйымдастырылады.

Сағат 11.00-де «БЖЗҚ» АҚ-да ашық есік күні басталады.

Сағат 14.30-да «Арман» кинотеатрында «Күлтегін» анимациялық фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтеді.

ТҮРКІСТАН

Сағат 12:00-де Түркістан қаласы «Есімхан» алаңында «AGROFEST-2018» ауыл шаруашылығы фестивалі өтеді. Аталған шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысады деп күтілуде. Фестиваль аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, заманауи техникалар мен аграрлық саладағы жетістіктерді айшықтайтын ауыл шаруашылығы көрмесі, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтеді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласындағы озат қызметкерлер түрлі номинациялар бойынша арнайы сыйлықтармен марапатталады. Мерекелік шара облыстық өнер жұлдыздарының гала концертіне ұласады.

КӨКШЕТАУ

Сағат 13:00-де «Бурабай» спорт сарайында армрестлингтен әлемдік турнирде күміс және қола медальге ие болған Дмитрий Тюковпен кездесу басталады.

Соңғы жаңалықтар