Қазақстанда 20-ға жуық мемлекеттік мұрағат ғимаратын салу қажет – министр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде 20-ға жуық мемлекеттік мұрағат ғимаратын салу қажеттілігі бар. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Асхат Оралов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұрағат саласындағы өзекті мәселе – бүкіл ел бойынша мұрағат қоймаларының толғаны. Мәселен, бүгінгі таңда 500 мың бірлікті сақтауға арналған 20-ға жуық мемлекеттік мұрағат ғимаратын салу қажеттілігі бар. Әрине, бұл бастама ведомствоаралық жұмыс пен үйлестіруді талап ететіні сөзсіз. Биылғы жылы негізгі міндет – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен өзара іс-қимыл жасай отырып, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу», - деді Асхат Оралов.

Еске сала кетейік, өткен жылы тарихи құжаттарды түгендеу мақсатында мамандар шет елдерден Қазақстанға 7 мыңнан астам құжатты әкелді.

Бүгінгі алқа мәжілісте Асхат Оралов, сондай-ақ биыл жас қаламгерлерді қолдау мақсатында арнайы Президенттік әдеби сыйлығы тағайындалатынын айтты.


Соңғы жаңалықтар