Қазақстанда 20 ақпанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 20 ақпан күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 09.00-де Radisson Hotal Astana қонақ үйінде Smart city Astana шарасы өткізіледі.

Сағат 09.30-де Назарбаев Университетіндегі Медицина мектебінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» кодексінің жобасы талқыланады. Шараға облыстық денсаулық сақтау басқармаларының басшылары қатысады.

Сағат 10.00-де Сенатта Констиуциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары бойынша комитеттің отырысы басталады.

Сағат 10.00-де Мәжіліс Парламентінің жалпы отырысы өткізіледі.

Сағат 10.00-де «Астана» концерт залы ғимаратында елорда әкімі Бақыт Сұлтановтың тұрғындар алдындағы есептік кездесуі өткізіледі.

Сағат 11.00-де Сарыарқа велотрегінде классикалық шахматтан Командалық әлем чемпионатының өткізілуіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 11.00-де «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ 2018 жылды қорытындылайды.

Сағат 11.00-де Орталық коммуникацияар қызметінде Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы басталады.

Сағат 11.00-де «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында «Тегін ІТ - балаларға арналған сыныптар» партиялық жобасы бойынша онлайн-конференция өткізіледі.

Сағат 15.00-де Мәжілістегі Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының кеңейтілген отырысы өтеді. Тақырыбы - «Қазіргі қоғамдағы мүгедектігі бар балалар жағдайының өзекті мәселелері».

Сағат 15.00-де Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы - бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшиннің қатысуымен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

Сағат 15.00-де Достық 5/2 көшесіндегі IQ coworking-та ҚР Президентінің бастамаларын жүзеге асыруды бақылау бойынша жастар қоғамдық кеңесінің отырысы басталады.

Сағат 16.30-да Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қызметіндегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ҚР МҚІСЖҚА Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшылығының қатысуымен отырысы өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де Республика сарайында Алматы қаласы әкімінің халыққа есеп беру кездесуі өтеді.

ТҮРКІСТАН

Сағат 11.30-да Түркістан облысының Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығының» жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтеді.

Сағат 15.00-де Turkistan media орталығында Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде Еңбек инспекциясы басқармасы 2018 жылы атқарылған жұмыстар жайында баспасөз мәслихатын өткізеді. Спикер: Басқарма басшысы Алмасбек Мамытбеков.

КӨКШЕТАУ

Сағат 18.30-да Көкшетау қаласының «Достар» мәдениет сарайында Ақмола облысы «EL jastar» театрының «Армандар кемесі» атты дебюттік қойылымы өтеді.

ӨСКЕМЕН

Сағат 11.00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Марат Қабақовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 12.30-да Орталық спорттық залда жастар арасындағы көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталады.

Соңғы жаңалықтар