Қазақстанда 2 миллионнан астам адам санақтан онлайн өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 13 қыркүйек сағат 9:00-дегі жағдай бойынша 2 041 876 респондент онлайн санақтан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның 1 756 002-сі sanaq.gov.kz сайтында, 203672 Egov порталында тіркелу арқылы жауап берсе, 82202 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты.

12 күннің қорытындысымен Алматы облысы алда. Мұнда 204805 тұрғын санақтан өткені жайлы хабарлама алған.

Онлайн санақтан өткен тағы 194697 адам Алматы қаласында тіркелген. Үздік үштікті Қызылорда облысы түйіндеді. Мұнда 173847 адам санақ сауалдарына жауап берді.

Бұл көрсеткіш бойынша әзірге соңғы екі орынды Маңғыстау және Атырау облыстары еншілеп тұр. Бұл өңірлерде сәйкесінше 46191 және 35542 адам санақтан өткен.

Ал жергілікті халық санына шаққандағы санақтан өткендердің үлесі бойынша Қызылорда облысы алда тұр.

Мұнда азаматтардың 21,1% сауалдарға жауап берген (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 823052 адам тіркелген).

Бұл көрсеткіш бойынша Павлодар облысы екінші орында.

Мұнда тұрғындардың 17% бүгінге дейін санақтан онлайн режимде өткен (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 749754 адам тіркелген).

Ұлттық статистика бюросы азаматтардың белсенділігі үшін алғыс айта отырып, санақты онлайн өтуге шақырады.

Sanaq.gov.kz сайты 15 қазанға дейін тәулік бойы қолжетімді болмақ. Онлайн санақтан өтпегендер 1-30 қазан аралығында интервьюерлердің сауалдарына жауап бере алады.

Барлық сауалдар бойынша 1446 байланыс орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.


Соңғы жаңалықтар