Қазақстанда 2 маусым күні ауа райы құбылмалы болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маусымның 2-сі күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-нің мәліметтеріне сүйене отырып.

«Қазгидромет» РМК-сі таратқан ақпараттар бойынша, елдің басым бөлігінде жауын жауып, күн күркірейді. Жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады. Тұман түсіп, бұршақ жаууы да ықтимал. Тек елдің оңтүстік-шығысында, шығысында және батысында ғана күн ашық болады.

Жамбыл облысының басым бөлігінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрді үдейді, екпіні 23-28 метр болады. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында жылдамдығы секундына 30 метр және одан да күшті жел соғады. Жекелеген аудандарда бұршақ жаууы да ықтимал.

Қызылорда облысында түнде кей жерлерде жел күшейіп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды, екпіні 23-28 метр болады. Күндіз өңірдің басым бөлігінде 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, кей жерлерде ол 23-28 метрге дейін күшейеді. Жекелеген аудандарда шаңды дауыл көтеріліп, бұршақ жаууы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан облысында түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 метр, ал екпіні 23-28 метр болады. Мұнда да жекелеген аудандарда шаңды дауыл көтеріліп, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 метр болады. Кей жерлерде ол тіпті 23-28 метрге дейін күшейеді. Жеклеген аудандарда тұман түсіп, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Павлодар облыстарында түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 градус болады. Ақмола облысының кей жерлеріне бұршақ түсуі мүмкін.

Қарағанды облысында түнде кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз басым бөлігінде 17-22 метр болып, екпіні 28 метрге жетеді. Жекелеген аудандарда бұршақ жаууы ықтимал.

Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде -2 градусқа дейін үсік жүреді.

Маңғыстау облысында, сондай-ақ Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі туындайды.

Соңғы жаңалықтар