Қазақстанда 2,5 мың ғимараттың сейсмикалық тұрақтылығын нығайту керек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2,5 мың ғимарат сейсмокүшейтуден өтуі керек. Бұл туралы электронды үкімет порталында жарияланған ҚР Үкіметі қаулысының жобасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Құжатта келтірілген мәліметке сәйкес, 2010-2015 жылдары республика бойынша 101 оқу, 50 денсаулық сақтау нысанына, 100 өндірістік ғимаратқа сейсмонығайту жұмыстары жүргізілген. Алайда, тұрғын үйлер бұл процедурадан өтпеген. 

«Республика бойынша қазір 470 мектеп, 270 аурухана, 198 мектепке дейінгі мекеме, 1046 қоғамдық ғимарат, 511 өндіріс кәсіпорнына сейсмокүшейту жұмыстарын жүргізу қажет. Өмірлік маңызы бар нысандар (оның ішінде білім және медицина мекемелері) - бірінші кезекте сейсмотұрақтылықпен қамтамасыз етілуі тиіс объектілер»,-делінген құжатта. 

Қаулы жобасын талқылау 18 қыркүйекке дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар