Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.87 EUR 422.40
RUB 5.87 CNY 54.85
Jańalyqtar

Қазақстанда 19 сәуірде өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылғы 18 сәуір 20:09 366
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 19 сәуірде өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 19 сәуірде өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті- Елбасы Тарих институтымен бірлесе отырып, «Ұлы дала жастары: тарихи миссия және ортақ болашағы бар Ұлтты қалыптастыру» атты халықаралық конференция өткізеді.

Сағат 10.00-де Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Марғұлан оқулары - 2019» халықаралық археологиялық конференциясы өтеді.

Сағат 10.00-де Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Ұлы дала ән мен жыры, ақындықтың жеті қыры» атты Республикалық турдың басталуына орай баспасөз-конференциясы өтеді.

Сағат 10-де Қазақ Өнер Университетінің Ф. Шопен атындағы залында І Халықаралық «Ұлы дала сазы» атты ғлыыми-практикалық конференция өтеді.

Сағат 10.00-де Жоғары көлік және коммуникация колледжінде «ХХІ ғасырдағы ғылым және жаңа ұрпақ» атты жыл сайынғы студенттеріне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

Сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Орталық Сайлау комиссиясының отырысы ашылады.

Сағат 11.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы №83 мектеп-гимназиясында балалар мен ата-аналарға арналған «болашақтың Эко-көпірі» атты Халықаралық экологиялық форум өтеді.

Сағат 11.00-де Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да «Қазақстан Республикасындағы Президент институты - тұрақты даму кепілі» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Сағат 12.00-де «Шабыт» шығармашылық сарайында «Музыка қайраткерлері одағы» жиын өткізіледі.

Сағат 12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Дала фольклорының антологиясы» жинағының тұсаукесеріне орай баспасөз-конференциясы өтеді. Спикерлер: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС бас директоры Құрманбек Жұмағали, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Әбіл Жоламанов, ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымының докторы Аманжол Әлтаев.

Сағат 14.30-да Назарбаев орталығының ғимаратында «Түркі интеграциясының архитекторы» және «Елорда эпопеясы» кітаптарының тұсаукесері өтеді.

Сағат 15.00-де MEGA Silk Way сауда, ойын-сауық орталығында (СОО) астанамыздың барлық ниет білдірген тұрғындары мен қонақтары үшін «Сен өмірді құтқара аласың!» атты тегін шеберлік сағаты өткізіледі.

Сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының музейінде Қазақстан Республикасы суретшілер Одағының мүшесі, көркем суретші Мұхтар Қайратұлы Байбосынның «Өнерлі елдің оты сөнбес» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Сағат 18.30-да Қазмедиа орталығында Әнуар Нұрпейісовтың шығармашылық кеші аясында «Қазмедиа орталығының» киноконцерттік залында өтетін «Хан-Тәңірден оралу» деректі фильмінің жаңа нұсқадағы тұсаукесері басталады.

АЛМАТЫ

Сағат 09.30-да Atakent Park Hotel қонақ үйінде елімізде жоғары сапалы зертханалық диагностиканы қамтамасыз етуге байланысты зертхананалық медицина бойынша Халықаралық конгрес өткізіледі.

Сағат 10.00-де Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында спорттық жәрмеңке ашылады. Іс-шара дәстүрлі түрде «Алматы марафоны» халықаралық спорттық жарыстың қарсаңында төртінші рет өткізілгелі отыр.

Сағат 10.30-да «Atakent» көрме орталығында «Almaty Travel Fest 2019» туристік фестивалі өтеді. Іс-шара KITF-2019 «Туризм және саяхат» қазақстандық халықаралық көрмесінің аясында өтеді.

Сағат 11.00-де Қазақстан баспасөз клубында 2019 жылдың 9 маусымында өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы бойынша кандидатураны ұсыну туралы баспасөз мәслихаты өткізіледі.

Сағат 11.00-де «Almaty Towers» бизнес-орталығында «KEGOC» АҚ-да брифинг өтеді. Онда компания жұмысының 2018 жылғы нәтижелері жарияланады.

Сағат 15.00-де Азаматтық орталықта Қоғамдық кеңес қала әкімдігінің мүдделі органдарымен, Алматы қаласының даму орталығының өкілдерімен, қала активімен шаһардың конструкторлық коды жобасын талқылайды.

Сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының танымал қаржыгері Жәмішев Болат Бидахметұлы сөз сөйлейді.

Сағат 19.00-де «GREEN TOWER» бизнес-орталығында эко-жүйенің стратегиялық дамуы, Алматыдағы жасыл экономиканың қағидаларын практикалық қолдану, жасыл ғимараттар мен білім экологиясын қалыптастыру саласындағы компаниялармен және қауымдастықтармен халықаралық ынтымақтастық жобалары бойынша іс-шара өткізіледі.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT