Қазақстанда 19 наурызда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 19 наурызда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 09.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы басталады.

Сағат 10.00-де ЭКСПО аумағына баспасөз туры ұйымдастырылады.

Сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі келушілерге Наурыз мерекесіне орай мерекелік шоу-бағдарламасын паш етеді.

Сағат 11.00-де 11.00-де «Қазпошта» АҚ жұмыс қорытындысы тыңдалып, 2019 жылға арналған жұмыс жоспары туралы айтылады.

Сағат 11.00-де Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде брифинг ұйымдастырылады.

Сағат 12.00-де «ҚТЖ» ҰК» АҚ-та теміржол билеттерінің бағасын белгілеуге арналған брифинг басталады. Шараға «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылары қатысады.

Сағат 15.00-де «Сарыарқа» ауданы әкімдігінің ғимаратында Астана қаласының кәсіпкерлерімен кездесу өтеді.

Сағат 18.00-де Бейбітшілік және Келісім сарайында «Қазақ аруы-2019» Ұлттық байқауы басталады.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де БЖЗҚ-ның барлық филиалдарында «Ашық есік күндері» өтеді.

Сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Тұран» фольклорлы-этнографиялық ансамбльмен шығармашылық кездесу өтеді. Ансамбльдің 10 жылдығына арналған шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры қолдап отыр.

Соңғы жаңалықтар