Қазақстанда 19 қыркүйекте өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 19 қыркүйекте өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады.

АСТАНА

Сағат 9:30-да «St. Regis Astana» қонақ үйінде «Бірлікке барар жолда» Жібек жолына қатысушы елдердің халықаралық форумы жалғасын табады. Форум бүгін басталған болатын. 

Сағат 09:30-да Kazmedia-да діни саланың мәселелерін терең түсіндіру бойынша тілшілерді оқыту тренингін өткізу жоспарланған.

Сағат 10:00-де Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

Сағат 10:00-де Назарбаев орталығында ҚР Тұңғыш Президенті Қоры мен Гои әлемі қорының (Жапония) ынтымақтастық меморандумына қол қою рәсімі өтеді.

Сағат 11:00-де Қазақ ұлттық өнер университетінде Халықаралық «Тарази тағылымы» ғылыми-практикалық конференциясы салтанатты түрде ашылады.

Сағат 12:00-де Гамбия Республикасының Сыртқы істер министрі Мамаду Тангараның Қазақстан Республикасына ресми сапары өтеді.

Сағат 12:00-де Duman Hotel Astana қонақ үйінде Халықаралық ТМД елдері кәсіподақтарының «Хризотил және қауіпсіздік» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы болады.

Сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз орталығында Қазақстан Жазушылар Одағы Төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек және Ұлттық академиялық кітапхана бас директорының орынбасары Нұржан Жолдыбалиновтың қатысуымен «Қазіргі заманғы сөз энергиясы» атты Еуразиялық әдеби форумның баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 16:00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Әкім Тарази - кинодраматург. «Тұлпардың ізі»: сценарийден фильмге дейін» және «ЖАЗУШЫ ЖАНЫ. Әкім Тарази прозасындағы ұлттық болмыс» атты жаңа кітаптардың тұсаукесері өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 09:00-де Ritz Carlton қонақ үйінде «K18:Kazakhstan Growth Forum» шарасы басталады.

Сағат 09:00 «RoyalTulipAlmaty» қонақ үйінде «Гепатопанкреатобилиарлы хирургияның маңызды мәселелері» тақырыбында ТМД елдері хирургтарының ХХV Халықаралық Конгресі өткізіледі.

Сағат 11:30-да Алматы қаласының Аймақтық коммуникациялар қызметінде «Халықтың бейресми жұмыс істейтін бөлігін формализациялау» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік Өнер музейінде баспасөз туры ұйымдастырылады.

Сағат 16:00-де Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік музейінде «798 Gallery, Ouli TianShan Art Museum» филиалының қолдауымен жас алматылық суретші Гузель Закированың «Орталық Азия келбеті» тақырыбында жеке көрмесі ашылады.

Сағат 16:00-де Алматы қаласының Оқушылар сарайында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «MakerLab» шығармашылық шеберханасының ашылуы өтеді.

ҚЫЗЫЛОРДА

Сағат 09.00-16.30 аралығында Қызылорда облысы Қармақшы ауданында Сыр сүлейі, жырау Тұрымбет Салқынбайұлының 150 жылдығына арналған мәдени шаралар өткізіледі.

Дәл осы күні Жаңақорған ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай мерекелік іс-шаралар басталады. Мерейтойлық іс-шаралар 10 қарашаға дейін жалғасады. 

АТЫРАУ

Сағат 10:00-де «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша филиалының емханаларға тіркеу науқаны туралы баспасөз конференциясы өтеді. 

Соңғы жаңалықтар