Қазақстанда 19 қазанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агентігі Қазақстанда 19 қазанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10:00-де Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық бюросының ғимаратында агенттік төрағасы Алик Шпекбаевтың қатысуымен ведомствоның 2018 жылдың екінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы кеңейтілген отырыс өтеді.

Сағат 10:00-де «Rixos President Astana» қонақүйінде «Жастарға - инвестиция» атты халықаралық конференция өтеді.

Сағат 10:00-де ҚР АШМ Жер ресурстары комитетіне қарасты «Қазгеодезия» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнына баспасөз туры ұымдастырылады.

Сағат 10:00-де Астана қаласының жедел медициналық көмек қалалық стансасында денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаеваның қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтеді.

Сағат 11:00-де Ж.Омаров көшесіндегі 91-мекенжайда Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтеді.

Сағат 13:30-да «St.Regis Astana» қонақ үйінде «Фитомедицинаның жаңа дәуірі дәстүрден қазіргі заманға дейін» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Сағат 16:00-де «Атамекен» ҰКП алаңында Қазақстан Республикасындағы 2019-2023 жылдары көшпелі және ішкі туризмді дамыу мемлекеттік бағдарламасының таныстырылмы өтеді.

Сағат 16:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Денсаулық сақтауды цифрландыру: медициналық көмектің бастапқы буынын өзгерту» баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 19:00-де «Астана Опера» театрының Камералық залында елорданың 20 жылдығы мен ТҮРКСОЙ-дың 25 жылдығына арналған ТҮРКСОЙ Жастар камералық хорының концерті өтеді.

Сағат 19:00 «Radisson Hotel» қонақ үйінде Мажарстанның Ұлттық күніне орай іс-шара ұйымдастырылады.

АЛМАТЫ

Сағат 09:00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Жоғары жетістікке ие спорттағы әлемдік трендттер мен инновациялар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Сағат 10:00 КИМЕП-те «Youth mapping» зерттеуінің нәтижесінің таныстырылым өтеді.

Сағат 10:30-да Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде Халықаралық «ЖасSTAR» фестивалі өтеді.

Сағат 11:00-де №5 қалалық ауруханада Парламент Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі міндеттерді түсіндіру мақсатында медициналық мекеменің ұжымымен кездеседі.

Сағат 11:00-де Кәсіпкерлер палатасында Алматы қаласының бизнес-қауымдастықтары, үкіметтік емес ұйымдары мен жергілікті атқарушы органдарының өкілдері дөңгелек үстел өткізеді.

Сағат 14:30-да автокөлікті қауіпсіз жүргізуге арналған шеберлік сабағы өткізіледі. Шараны «Филип Моррис Қазақстан» компаниясының нұсқаушылары ұйымдастырады.

Сағат 14:30-да Оқушылар сарайында «Менің кіші отаным» атты жас тарихшылардың зияткерлік байқауы ұйымдастырылады.

Сағат 16:00-де Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде «ЖасStar» шығармашылық фестивалін аясында жас суретшілердің көрмесі ашылады.

ҚЫЗЫЛОРДА

Сағат 14:00-де Құтқарушылар күніне байланысты Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық Мәдениет үйінің аумағында Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменттері бөлімшелерінің өрт сөндіру және құтқару техникаларының көрсетіледі.

Сағат 18:00-де Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған «Сағындырған әндер-ай» атты ретро-концерт басталады.

Соңғы жаңалықтар