Қазақстанда 19 қазан күні ауа райы құбылмалы болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Республиканың көп жерлерінде жауын жауады, тек елдің батысы мен оңтүстік-батысында ғана күн ашық. Дегенмен кей жерлерде жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 25 метр болады.

Павлодар облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел түнде секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.

Қостанай, түнде және таң ата Қызылорда облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл облысының бірқатар өңірлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды, екпіні 23 метрге жетеді.

Маңғыстау, түнде және таң ата Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түсуі мүмкін.

Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы облысында тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар