Қазақстанда 19 қарашада өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агентігі Қазақстанда 19 қарашада өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы, «Eurasian Expert Council» ҚҚ және «Astana Success Building Group» ұйымдастырумен ғалымдар мен сарапшылардың «Көпэтносты қоғам және заманауи мемлекет: даму стратегиялары» атты халықаралық форумы өтеді.

Сағат 12.00-де Астана LRT компаниясының жанында «Жеңіл дүйсенбі» атты Beeline акциясының басталуына арналған шара басталады.

АЛМАТЫ

Сағат 10.45-те RIXOS Almaty қонақ үйінде жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерді еске алу күні Қазақстандағы жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған «Апаттарға жол жоқ» әлеуметтік жобасының баспасөз мәслихаты өткізіледі.

Сағат 11.00-де «Қазақстан Баспасөз клубында» Астана қаласының бизнесін дамыту мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты басталады.

Сағат 12.00-де ҚазАТК-да Almaty Arena кешенінде 21 желтоқсанда аралас жекпе-жектен өтетін ММА «TITAN FC 51» бүкіләлемдік чемпионатқа арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

Сағат 14.00-де «Қазақстан Баспасөз клубында» Қазақстанда жыл сайын өткізілетін халықты ауруханаларға тіркеу кампаниясының аяқталуына байланысты баспасөз мәслихаты өткізіледі.

Сағат 16.00-де ҚР Орталық музейінде «Осман мемлекетінің Орталық Азиядағы хандықтарымен байланыстары туралы архив құжаттары» атты көрмесі ашылады. Аталмыш көрмені Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті мен Еуразиялық ғылыми-зерттеу институты мен Жүніс Әміре атындағы Түрік мәдени орталығы ұйымдастырып отыр.

Соңғы жаңалықтар