Қазақстанда 19 ақпанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 19 ақпан күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы басталады. Күн тәртібінде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуы, «Қазақстанның Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ-тың және отандық автоөндірушілердің бюджеттік несиелеуі туралы мәселелер қаралады.

Сағат 11.00-де Сенатта Халықаралық қарым-қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы басталады.

Сағат 13.00-де «Бакара» ет комбинатына баспасөз туры ұйымдастырылады. Аталмыш комбинат Иранға ет экспорттағалы отыр.

Сағат 15.00-де Сенатта қаржы және бюджет бойынша комитет депутаттары жауапты мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік серіктестіктің дамуы және қазіргі ахуалы туралы мәселелерді талқылайды.

Сағат 16.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігі депутаттар, қоғам қайраткерлерінің, мәдениет, спорт және туризм саласының өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтеді.

ТҮРКІСТАН

Сағат 16.00-де Turkistan media орталығында Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы 2018 жылы атқарылған жұмыстар мен ағымдағы жылы жүзеге асар жобалар жайында баспасөз мәслихатын өткізеді.

КӨКШЕТАУ

Сағат 11:00 Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Сұлтанбек Бекішев Ақмола облысында «English for zhastar» жобасын жүзеге асыру» тақырыбында брифинг өткізеді. Брифингке «English for zhastar» жобасына 2018 және 2019 жылғы қатысушылары Эсет Аяулым мен Юлия Крацкая қатысады.

Соңғы жаңалықтар