+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Қазақстанда 19,1 млн тонна астық бастырылды

2019 жылғы 14 қазан 11:10
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 19,1 млн тонна астық бастырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, орташа өнімділік гектарына 12,6 центнерді құраған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында егін жинау науқаны аяқталуға жақын ШҚО-да астық жинау науқаны қызу жүріп жатыр Тоқаев: Бидайды дер кезінде жинап, өнімнің дұрыс сақталуын қамтамасыз ету қажет

«2019 жылы егін жинау жұмыстары уақтылы басталып, облыс әкімдіктерінің деректеріне сәйкес жалпы дәнді дақылдар егілген 15,2 млн гектардың 15,1 млн гектарында өнім жиналды. 19,1 млн тонна астық бастырылды. Биыл жаздың ыстық және құрғақ болуына байланысы дәнді дақылдар өнімділігі төмендегенін атап өткім келеді. Осының салдарынан өткен жылмен салыстырғанда дәнді дақылдар өндірісінің төмендеуі күтілуде», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, жаздың аптап ыстығынан басқа, егін жинау жұмыстары барысында ұзақ мерзімді (жалпы есеппен 15-20 күн) жауын-шашын болып, бұл өз кезегінде астықтың сапасына да, өнімділігіне де әсер еткен.

«Қазіргі есептер бойынша биыл дәнді және дәнді бұршақ дақылдарының өнімділігі бункерлік салмақта 19 млн тоннаны құрауы мүмкін. Бұл 2018 жылғы өніммен салыстырғанда 2 млн тоннаға кем. Жалпы жиналған жаңа өнімнен 2,9 млн тонна элеваторларға келіп түсті, оның 1,8 млн тоннасын бидай, 700 мың тоннасы арпа. Жедел деректерге сәйкес, элеваторларға келіп түскен бидайдың 80 пайызға жуығы азық-түлікке, 20 пайызы мал азығына және техникалық мақсатқа арналған бидай. Өткен жылы азық-түлік бидайының көлемі 93 пайыз болған», - деді Сапархан Омаров.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT