Қазақстанда 1800-ден астам лауазым иелері жемқорлыққа жол бергені үшін жазаланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015-2016 жылдары 1800-ден астам лауазым иелері сыбайлас жемқорлық үшін жазаланды. Бұл туралы бүгін Астанада ЭЫДҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісі құқық қорғау органдарының жетінші отырысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2015-2016 жылдары біздің жемқорлыққа қарсы қызметтің, ұлттық бюро жұмысының нәтижесі бойынша, 1800-ден астам лауазымды тұлғалар сыбайлас жемқорлық үшін жазаға тартылды. Олардың ішінде республикалық маңыздағы түрлі деңгейдегі басшылар 21-ден астам, облыстық -120, қалалық және аудандық- 313. 48 млрд. теңгеден астам келтірілген залал анықталды, соның ішінде орны толтырылған және тыйым салынған мүлік құны 32 млрд. теңгеден асады»,-деп тоқталды Шпекбаев.

Оның сөзіне қарағанда, әрбір тергелген қылмыстық іс бойынша отандық қылмыстық-процессуалдық кодекске сәйкес нұсқама енгізіледі.

Осы ретте 1528 осындай нұсқама жіберіліп, 436 тәртіптік жаза енгізілді.

«Бұл бағыттағы жұмыстар бойынша тиісті нәтижелер айқындалды, яғни қызметін төмендетумен мемлекеттік қызметті орындаудан босатылғандар бар, сонымен қатар жұмысынан шығарылғандар да жеткілікті»,-деді ол

Соңғы жаңалықтар