Қазақстанда 18 шілдеде өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 1ү шілдеде өтетін маңызды оқиғалар тізімін ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 08.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғалымдары мен Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының қызметкерлері Целиноград ауданына қарасты «Зеренді» асыл тұқымды шаруашылығы» ЖШС-на барады.

Сағат 08.30-да «Риксос» қонақ үйінде «Шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасы аясында Қазақстанда кластерлік саясатты енгізу нәтижелері бойынша қорытынды конференция өтеді.

Сағат 09.00-де Ұлттық нейрохирургия орталығында Жастар жылы аясында ұйымдастырылған «Инсульт мектебі» ғылыми-практикалық конференциясы мен «Жас невролог мектебі» шарасы өтеді.

Сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде халықаралық Нельсон Мандела күніне орай сотталғандар арасында мәдени-спорттық іс-шаралар өткізіледі.

Сағат 10.45-те Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру бойынша ауқымды рейд ұйымдастырады.

Сағат 11.00-де Министрліктер үйінде Польша Республикасының Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Селим Хазбиевич ҚР Мемлекет тарихы институты ғалымдарымен кездеседі.

Сағат 11.00-де Достық үйінде елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қазақтану – ел бірлігінің негізі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырады.

Сағат 11.00-де ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектеновтің басшылығымен денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтеді.

Сағат 15.00-де ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Р.Ошақбаевтың қатысуымен брифинг басталады.


АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де «Тұран» университетінде қоғамдық кеңестің экономика және жергілікті мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі №1 комиссияның кеңейтілген отырысы өтеді.

Сағат 11.00-де «Атакент» сауда-көрме орталығының қарама-қарсысында «Мобильді жұмыспен қамту орталығы» жобасы аясында кезекті таныстыру алаңы жұмысын бастайды.

Соңғы жаңалықтар