Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 428.94
RUB 5.93 CNY 56.70
Jańalyqtar

Қазақстанда 18 сәуірде өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылғы 17 сәуір 20:43 211
Бөлісіңіз:
Қазақстанда 18 сәуірде өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 18 сәуірде өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 9.00-де Астана Медициналық университетінде түлектердің жеке бөлінісі бойынша «Бос орындар жәрмеңкесі» өтеді.

Сағат 09.30-да Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Мемлекеттік қызметшілердің HR форумы өтеді.

Сағат 11.00-де Мәжілісте дөңгелек үстел отырысы өтеді. Жиынның тақырыбы - «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігін арттырудағы проблемалық мәселелер».

Сағат 12.00-де Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында мектеп формасын өндірушілер форумы ұйымдастырылады.

Сағат 15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында экономист, жазушы, халықаралық журналист, аудармашы Бахыт Рустемовтың Лондонда ағылшын тілінде жарық көрген «The earth is our common home» - «Земля - наш общий дом» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтеді.

Сағат 15.30-да «Транспорт Тауэр» ғимаратында Қазақстанның тау-кен металлургия саласын дамытуды қамтамасыз ету үшін жаңа технологияларды енгізуге арналған баспасөз мәслихаты басталады.

Сағат 17.00 -де «Астана Опера» фойесінде «Богема» операсының премьерасына орай ұйымдастырылатын баспасөз конференциясы өткізіледі.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайында Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарға арналған мерекелік іс-шара аясында көрме өтеді.

Сағат 10.00-де Достық үйінде БҰҰ-ның 6 тіліне аударылған заманауи қазақстандық әдебиет антологиясы шығарылымдарының тұсаукесері өтеді.

Сағат 11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында католиктік Пасха күніне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 12.00-де Қазақстан баспасөз клубында «Көкжайлауды құтқару» атты бастамашыл топтың белсенділері «Көкжайлауды сақтаудың әрі қарайғы әрекеттері» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 14.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында «Star of Asia.kz» халықаралық музыкалық фестиваліне арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 15.00-де Әл-Фараби атынағы ҚазҰУ ғылыми кітапханасында «Жаңа гуманитарлық білім» жобасына арналған конференция өткізіледі.

Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің академиясында Жастар жылы шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Айбын» әскери-патриоттық клубының жоспарына сәйкес «Ашық есік күні» өткізіледі.

Сағат 15.00-де Наурыз мерекесі аясында «Арман дала» балалар орталығында интернат тәрбиеленушілері мен облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері арасыенда бауырсақ пісіруден сайыс өтеді.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT