Қазақстанда 18 сәуірде өтетін маңызды шараларға шолу
АСТАНА
Сағат 09:00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.
Сағат 09:30-да «Radisson Hotel Astana» қонақүйінде «МАЙНЕКС Орталық Азия 2018» IX тау-кен өндірісі форумы басталады.
Сағат 10:00-де Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің алаңында «Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына жаңа технологияларды енгізу жолдары» тақырыбында конференцияның ашылу рәсімі өтеді.
Сағат 11:00-де ҚР Парлменті Сенатында бюджеттік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырылады.
Сағат 11:00-де «Барыс» спорт кешенінде қаланың тасжолдары мен жолдарында велосипедпен жүру кезіндегі ережелерді сақтау бойынша брифинг өтеді.
Сағат 15:00-де Сенатта ҚР «Қазақстан Республикасының «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы таныстырылады.
АЛМАТЫ
Сағат 09:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимыл агенттігі Алматы қаласының әкімдігімен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық унивеситетінің базасында «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» атты республикалық форум өткізеді. Шараға аталмыш агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев мен қала әкімі Бауыржан Байбек қатысады.
Сағат 11:00-де Алматы қаласының Аймақтық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасының метрология мен аккредитация, техникалық реттеу жүйесін жетілдіру» тақырыбында баспасөз мәслихаты басталады.
Сағат 11:00-де «Рахат Палас» қонақүйінің «Астана» залында мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыруға арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
Сағат 11:00-де Қазақстан баспасөз клубында Ұлттық «Алтын Жүрек» қоғамдық сыйлығының XII мәрте басталуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
Сағат 11:00-де «Атакент» көрме орталығында жыл сайынғы «Туризм және Саяхат» KITF 2018 халықаралық көрмесі басталады.
Сағат 11:00-де ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстанның халық әртісі Әнуар Молдабековтың 80 жылдығына арналған еске алу кеші өтеді.
Сағат 12:00-де «Атакент» көрме орталығында мысырлық Қызыл Теңіз бен Оңтүстік Синай провинцияларының губернаторларының қатысуымен баспасөз мәслихаты басталады.
ПАВЛОДАР
Сағат 18:00-де Торайғыров көшесіндегі музыкалық колледжде Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Жұлдыздар шеруі» өтеді.