Қазақстанда 18 наурызда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 18 наурызда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 09.30-да Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елорданың Бас мешітіне тас қояды.

Сағат 10.00-де Мәжілісте «Үкімет сағаты» өтеді.

Сағат 15.00-де Сенатта ««Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съезінде азаматтардың жеке санаттарын әлеуметтік тұрғыда қолдау бағытында тапсырған міндеттерін орындау» тақырыбында Үкімет сағаты өтеді.

Сағат 17.00 -де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында (Назарбаев орталығы) суретші, сәндік-қолданбалы өнер шебері Ботагөз Төлештің «Шексіз әлем» атты дербес көрмесінің ашылуы өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 11.00-де ҚР Ұлтты кітапханасында Наурыз мейрамына арналған «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» атты мерекелік шара өткізіледі.

Сағат 12.00-де ҚР Орталық мемлекеттік «Наурыздың бейнесі: көрмелер, шеберлік сыныптары, муей сабақтары» атты дәстүрлі шара өткізіледі. Наурыз мерекесіне орай «Сыр сақтаған сандықтар» атты сандықтар көрмесі ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар