Қазақстанда 18 мың адам паллиативтік көмекке зәру - Денсаулық сақтау министрлігі

None
None
АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанда 18 мың адам паллиативтік көмекке зәру. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Болат Төкежанов мәлім етті. Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен өткен отырыста Қазақстандағы паллиативтік көмек мәселелері талқыланған болатын.

«Адамның абыроймен қайтыс болу құқығы 1981 жылы пациенттер құқықтарының ең төменгі халықаралық стандарттарының Лиссабон декларациясына енген болатын. Дауасыз науқастарға паллиативтік көмек көрсету көптеген әлем елдерінің клиникалық медицинасының және қоғамдық денсаулық сақтауының басым бағыттарының біріне жатқызылады. Біздің еліміз де паллиативтік көмек көрсететін науқастар проблемасы ерекше назар аударуды қажет етеді», - деді Б. Төкежанов.

Вице-министрдің айтуына қарағанда, Қазақстанда паллиативтік көмекке мұқтаж 18 мың адам болса, олардың 75 пайызы - онкологиялық ауруларға шалдыққандар. Ал 25 пайызы созылмалы, дауасыз дертке душар болып отыр. «Қазір Қазақстан бойынша паллиативтік көмек көрсететін 11 орталық бар. Сол 11 орталық аймақ және 9 қалада орналасқан. Жалпы, паллиативтік көмек керек адамдарға ел бойынша 384 төсек орны қарастырылған», - деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар