Қазақстанда 18 қыркүйекте өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 18 қыркүйек күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағт 09.00-де Astana Hub және AgriTech Hub Kazakhstan ҚР Аэроғарыш комитеті және Мичиган штатының университетімен бірлесіп, NASA қолдауымен ғарыштық технологиялар мен аймақтық мәселелер бойынша халықаралық конференция өткізеді.

Сағат 09.00-де ҚазМЗУ-да «Басынан аяғына дейін: Тарих бізді қалай байланыстырады» тақырыбында PATA жастар симпозиумы өтеді.

Сағат 09.00-де Қазақ Ұлттық өнер университетінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі UNESCO Мәдениеттерді жақындастыру орталығымен «Невада-Семей»» халықаралық антиядролық қозғалысы бірлесіп (2013-2022 жж.) «Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы» аясында «Невада-Семей»» халықаралық антиядролық қозғалысының 30-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-парктикалық конференция ұйымдастырады.

Сағат 09.00-де Көрме орталығында Азия-Тынық мұхит аймақтарының PATA Travel Mart 2019 халықаралық туристік көрмесі өтеді.

Сағат 10.00-де Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

Сағат 10.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері cъезі Хатшылығының басшысы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XVIII отырысы өтеді.

Сағат 11.00-де ҚР Ұлттық музейінде «70 жылдық мерейтойлық жетістіктер» атты көрменің салтанатты ашылуы болады.

Сағат 11.00-де ҚР Ұлттық мұражайында «Nur Otan» партиясының елордалық филиалы жыл сайынғы «Үздік әлеуметтік жоба» байқауының қорытындысын шығарады.

Сағат 15.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы «St. Regis» қонақ үйінің «Астор» мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Бас ассамблеясы өтеді.

Сағат 15.00- де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдардағы тамақтану сапасы» тақырыбы аясында брифинг өткізіледі.

Сағат 16.00-де Сенат комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді. Атап айтқанда, конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заң жобасын қарайды.

Сағт 19.00-де Qazaqstan орталық концерт залында «Қазақконцерт» жаңа 59-концерттік маусымның ашылу салтанаты өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 09.30-да «Алматы» қонақ үйінде ҚР несиелік серіктестіктерінің ІІІ форумы өтеді. Оған несие серіктестіктерінің 155 өкілі, РФ-дан несие кооперациясы қозғалысының өкілдері, Польшадан келген халықаралық консультанттар, ҚР Ұлттық банкінің, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының, «ҚазАгро» холдингінің, Аграрлық несие корпорациясының өкілдері, сондай-ақ FinTech саласында өз қызметін жүзеге асыратын компаниялар қатысады.

Сағат 11.00-де «Атакент» БО-да «Көлік және логистика нарығы» атты халықаралық конференция өтеді. Биыл көрмеге 13 елден 96 компания қатысады.

Сағат 11.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Ұлттық кітапхананың Н.Дәулетов залында Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында белгілі қазақ жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бексұлтан Нұржекеевпен кездесу өтеді.

Сағат 12.00-де «Атакент» АҚ 9-павильонында «Тау-кен жабдықтары, кендер мен минералдарды өндіру және байыту - Mining and Metals Central Asia 2019» мерейтойлық 25-ші Орталық Азия көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрмеге 30 елден 300 компания қатысады.

Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұражайы Мысыр Араб Республикасының Елшілігімен, Египеттің мәдениет және білім істері жөніндегі орталығымен Алматы қаласында «Мысыр қазынасы» көрмесін ашады.

Сағат 15.00-де Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында «Қатысу бюджеті» пилоттық жобасы бойынша өтінімдерді қабылдау кезеңінің аралық нәтижелеріне арналған брифинг өтеді.



Соңғы жаңалықтар