Қазақстанда 18 қазанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 18 қазанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 09:00-де ҚР Ұлттық кітапханасында «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туризмді дамытудың мәселелері мен оның келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Сағат 09:00-де «Kazzhol» қонақ үйінде Рухани келісім күніне орай Астанада ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Сағат 10:00-де «Үкімет үйінде» Қазақстан Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауындағы міндеттерді орындау үшін қаржылық қамтамасыз ету» тақырыбында ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 10:00-де ««Астана-Теплотранзит» АҚ-да, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырмасын орындау барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауы аясында, баспасөз-туры өтеді.

Сағат 10:00-де «Көрме» орталығында тамақ өнеркәсібіне, «KazFOOD-2018» және «Kazakhstan International Halal Expo-2018» тамақ өнеркәсібіне арналған қаптамаға арналған халықаралық бірлескен көрме өтеді.

Сағат 11:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтарды жүзеге асыруда азаматтық қоғам институттарының қатысуы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Сағат 11:00-де С.Сейфуллин атындағы Аграрлық университетте «Жаңару» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыс «Азаматтық бақылау» мемлекеттік жобасы аясында ескерту бойынша кешенді шараларды өткізеді.

Сағат 12:00-де «Sputnik Қазақстан» баспасөз орталығында ММА, панкратион және грепплинг Ұлттық федерациясының өкілдері Қазақстанның барлық ММА субъектілерінің бірігуіне арналған баспасөз мәслихатын ұйымдастырады.

Сағат 12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандағы және таяу шетелдегі құс тұмауымен күресу» тақырыбында баспасөз маслихаты өтеді.

Сағат 14:00-де Мәжілісте ТМД-ға мүше мемлекеттер жастарының парламентаралық ассамблеясының XII отырысы өтеді.

Сағат 15:00-де «Hilton Astana» қонақ үйінде Қазақстан Республикасының Дзюдо федерациясының кезекті конференциясы өтеді.

Сағат 16:00-де Астана қаласының әкімдігінде - интернеттің қазақтілді сегментіндегі контент мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өтеді.

Сағат 19.30-де «Қазақстан» Орталық концерт залында белгілі композитор Джакомо Пуччинидің 160 жылдығына орай концерт қойылады.

АЛМАТЫ

Сағат 09:30-де Алматы энергетика және байланыс университетінің бірінші ректоры Гұмарбек Дәукеевтің құрметіне арналған Х халықаралық ғылыми-техникалық конференция ұйымдастырылады.

Сағат 10:00-де «Самал» пансионатында Мүгедектер күні аталып өтеді.

Сағат 11:30-да Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Шұғыл медициналық көмекті көрсетудегі өзекті мәселелер» атты баспасөз мәслихаты өткізіледі.

Сағат 12:00-де «Интерфакс Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында Қазақстанның парабиден тұңғыш чемпионатына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 20:00-де Құрманғазы атындағы консерваторияның концерт залында «Grame/Smart Faust» концерті өтеді.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

18 қазан күні Қазығұрт ауданының 90 жылдығына орай, бірқатар мерекелік шаралар өтеді. Салтанатты жиынға облыс əкімі Ж.Түймебаев қатысады деп күтілуде.

18 қазан күні ҚР ДСМ Елжан Біртанов Түркістан облысына ресми іссапармен келеді. Министр бірқатар медициналық нысандарды аралап, денсаулық сақтау саласында орын алатын өзгерістерге қатысты жиналыс өткізеді.

КӨКШЕТАУ

Көкшетауда ертең «Әлеуметтік маңызы бар жүктер тасымалын қамтамасыз ету» тақырыбында жиын өтеді. Спикерлер: «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ - «Ақмола бөлімшесі ММ» филиалының директоры - Жаниязов Нұрым Лепесұлы, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ - «Ақмола бөлімшесі ММ» филиалы директорының логистика жөніндегі орынбасары - Салықбаев Абзал Мырзаханұлы.

ҚЫЗЫЛОРДА

Сағат 14:00-де А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде «Қорқыт-қобыз» республикалық қыл қобызшылар мен қобызбен сүйемелдеп жыр айтушылар байқауы өтеді.

Сағат 16:00-де Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы Мәдениет үйінде мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 120 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтеді.

Соңғы жаңалықтар