Қазақстанда 18,7 мың адам коронавирустан емделіп жүр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 18,7 мың адам короновирус инфекциясынан емделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 9 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 758 адам короновирус инфекциясынан (13 812 КВИ+ және 4 946 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 638 пациент стационарда, 14 120 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 254 адамның жағдайы ауыр;
• 54 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Соңғы жаңалықтар