Қазақстанда 17 шілдеде өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 17 шілдеде өтетін маңызды шаралар легін ұсынады.

АСТАНА

Сағат 09.45-те  Ұлттық теннис орталығында «Президент Кубогі -2018» турнирінің ашылу салтанаты өтеді. Сондай-ақ, сағат 10.30 -да Ұлттық теннис орталығында Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев пен Қазақстан ұлттық құрамасы мүшелерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 10.00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы басталады.

Сағат 11.00-де ҚР Ұлттық музейінде Қытай Халық Республикасының Елшілігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі бірлесіп ұйымдастырған «Таңғажайып Қытай. Аспанасты елінің көрікті жерлері» (III бөлім. Солтүстік және Орталық Қытай) атты фотокөрменің салтанатты ашылуы өтеді.

Сағат 12.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде  FIFA 2018 футболдан әлем чемпионатының қорытындысына байланысты баспасөз мәслихаты өтеді. Шараға «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы Ерлан Қарин мен «QAZSPORT» телеарнасының директоры Павел Цыбулин қатысады.

 

АЛМАТЫ

Сағат 10:00-де «Almaty Towers» бизнес орталығында Қазақстандық қор биржасы баспасөз мәслихатын өткізіп, онда KASE мен биржалық нарықтың 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы, алдағы жоспарлары айтылады.

Сағат 11:30-да Алматы қалалық өңірлік коммуникациялар қызметінде «Алматыдағы тұрғын үй құрылысының ерекшеліктері мен орындалу мерзімі» тақырыбында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады. Спикер ретінде Алматы қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының басшысы Бағдат Манзоров сөйлейді.

Сағат 15:00-де қалалық әкімдікте діни салаға қатысты заңнамаған енгізілгелі отырған өзгерістерге байланысты, белгіленген мәселелерді шешу мақсатында «Мониторинг және талдау орталығы» Алматы қаласының Дін істері басқармасының тапсырысы негізінде «дөңгелек үстел» өткізеді.


АТЫРАУ

Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ-мен бірлескен фронт-кеңсесі ашылады.


КӨКШЕТАУ

Сағат 15:00-де «Достар» Мəдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өлке тарихы - ел тарихы» жобасының тұсаукесері өтеді. Шараны Ақмола облыстық архив жəне құжаттама басқармасы ұйымдастырады. Тұсаукесерге архив саласының қызметкерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, ардагерлер мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысады.

Соңғы жаңалықтар