Қазақстанда 17 сәуірде өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 17 сәуірде өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 10.0-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

Сағат 11.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Тұңғыш» атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы экскурсия жобасының ашылуы өтеді.

Сағат 11.00-де «Барыс» СК-ның (Қ.Мұңайтпасов к-сі, 9) мәжіліс залында велосипедпен жүру кезіндегі жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша брифинг өтеді

Сағат 11.00-де М.С. Нарықбаев атындағы ҚазМЗУ Университетінің базасында «Адал жастар - елімізді гүлденуінің кепілі» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша жалпыұлттық жастар форумы өткізіледі.

Сағат 12.30-да АХҚО-да іскерлік БАҚ үшін «Polymetal» компаниясы мен Астана халықаралық қаржы орталығының жоғарғы басшылығының қатысуымен брифинг өткізілді.

Сағат 13.30-да Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасындағы «Роскосмос» ғарыштық қызметімен айналысатын мемлекеттік корпорация өкілдігінің басшысы Анатолий Красниковпен баспасөз брифингі өтті.

Сағат 15.00-де Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында шет елдік және отандық дизайнерлердің қатысуымен Қазақстан Сән Апталығының мерейтойлық датасына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры және Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Назарбаев орталығында» «Тәтті алма» балалар әдебиеті жинағы мен веб-графикалық романдардан тұратын «Ұлы дала аңыздары» атты онлайн-жобасының тұсаукесерін өткізеді.

Сағат 19.30-да «Астана Балет» театрының сахнасында алғаш рет жылдың ең сәнді оқиғасы - Kazakhstan Fashion Week өтетін болады.

АЛМАТЫ

Сағат 11.00-де «Атакент» көрме орталығында Орталық Азиядағы ірі - KITF 2019 туристік көрмесі ашылады.

Сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында қазақ халқының рухани әлемінің байлығын паш етер поэзияға арналған «Қазақ жыраулары» әдеби кеші өтеді.

Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Наурыз - Холи Мейрамы - 2019» көктемгі мерекесі өтеді. Іс-шараны Үнді классикалық би орталығы ұйымдастырады.

ТҮРКІСТАН

Сағат 15.00-де Turkistan media орталығында «ҚЫЗҒАЛДАҚТЫ ҚОРҒАЙЫҚ!» тақырыбында брифинг өтеді! Баспасөз мәслихатына Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Табиғат қорғау полициясы мен Ұлттық парк мамандары қатысып, баяндама жасайды.

ШЫМКЕНТ

Сағат 10.50-де «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық партия филиалының кезектен тыс ХХХVІІ конференциясы өтеді. Жиналыс барысында қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова «Халыққа көмек», «Құтты мекен», «Бақытты отбасы» жобалары бойынша баяндама жасайтын болады. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІX Съезіне сайланатын делегаттар тізімі анықталады.

Сағат 15.00-де Ақпараттық-коммуникациялық орталығында (Шымкент қаласы әкімдігі, 16 қабат) қала әкімінің орынбасары Г.Қ. Ұрманбекованың қатысуымен брифинг өтеді. Брифинг атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мәселелеріне қатысты болады.

Соңғы жаңалықтар