Қазақстанда 17 мамырда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 17 мамырда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де «Rixos President Astana» қонақүйінде Астана экономикалық форумы аясында Түркі іскерлік кеңесінің шеңберінде Түркі елдерінің Сауда-өнеркәсіп палатасы Жарғысына қол қою рәсімі өтеді.

Сағат 09.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Аңшылық шаруашылығын жетілдіру және ұлттық аңшылық түрлерін дамыту» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

Сағат 09.30-да Рэдиссон қонақ үйінде БҰҰ-ның Балалар қоры (UNICEF) ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен және ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес республикалық орталығымен бірлесіп кеңес өткізеді

Сағат 09.40-та Hilton қонақ үйінде стартаптарды қолдау үшін Seedspace Nur-Sultan жаңа инновациялық алаңның ашылуы рәсімі өтеді.

Сағат 10.30-да «The Ritz-Carlton Astana» конақ үйінде қазақстандық және шетелдік инвесторлар үшін маңызды инвестициялық оқиғалардың бірі - Қазақстандық жаһандық инвестициялар бойынша дөңгелек үстел (KGIR) өтеді.

Сағат 10.30-да Конгресс орталығында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰ ДБ) әкімшісінің көмекшісі және БҰҰ ДБ Еуропа және ТМД бойынша өңірлік бюросының директоры Мирьяна Сполярич Эггер ханыммен брифинг өтеді.

Сағат 10.30-да «Атамекен» ұлттық Кәсіпкерлер палатасында бейнеконференция режімінде «Таңбалау. Адал бизнес үшін тәуекелдер мен салдарлар» атты баспасөз мәслихаты өткізіледі.

Сағат 12.00-де Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика бойынша алқа мүшесі (министр) Татьяна Валоваяның баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 12.00-де ҚР-дағы БҰҰ өкілдігінің ғимаратында лаңкестікпен күрес контексінде адам құқықтары жөніндегі БҰҰ сарапшысының баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 14.15-те «Нұр-сұлтан» пленарлық мәжіліс залында әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ гендерлік теңдіктің өсуіне - өнімділікті еселейтін, экономиканы әртараптандыруды және табыстың теңдігін арттыру факторларына арналған сессия өтеді. Сессияны «EXPO&WOMEN» халықаралық ұйымы BCG және БҰҰ ДБ-мен бірлесіп ұйымдастырады.

Сағат 15.00-де ҚР Жоғарғы сот Кеңесі кезекті отырысының қорытындысы бойынша брифинг өтеді.

Сағат 15.00-де астананың Ботаникалық бағында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы 72-сессиясының қарсаңында «Сөзден іске/WalktheTalk» дәстүрлі акциясын өткізеді.

Сағат 16.30-да ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Халықаралық Түркі академиясы Түркиядағы Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың 100 жылдығына орай ауқымды іс-шара өткізеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00 - де ҚР Ұлттық кітапханасында көрнекті ғалым, терминолог, орфограф, педагог, қоғам қайраткері Елдес Омаровтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Өркениет негізі - жазу» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция мен кітаптың тұсаукесері өтеді.

Сағат 10.00-де «Алматыбасжоспар» АҚ конгресс залында «Almaty-Аdaldyq Аlany» жобалық кеңсесінің қызметі аясында SIZOSHOPжобасының тұсаукесері өтеді.

Сағат 11.00-де «Айсер» қонақ үйінде ұлттық жекпе-жек түрлері бойынша ІІ республикалық турнирдің басталуына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 11.00-де Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалында президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды науқанының аралық қорытындысы туралы брифинг өтеді.

Сағат 14.00-де «Almaty Towers» БО-да Қазақстан қор биржасы (KASE) жастар мен студенттер арасындағы «Биржалық симулятор» байқауының жеңімпаздарын марапаттайды.

Сағат 16.00-де Алматы қаласының білім басқармасы балабақшаларға, қала мектептерінің 1-сыныбына және қала сыртындағы лагерьлерге қабылдау жөнінде түсінік береді. Өткізілетін орны: Алматы қ., Қалдаяқов көшесі 62 А.

Сағат 19.00-ден түнгі 01.00-ге дейін қалалық мұражайларда Халықаралық музей күніне арналған «Музей түні» акциясы өтеді. Акцияға барлығы 6 мұражай «Алматы қаласы мұражайларының бірлестіктері» қатысады.

ТҮРКІСТАН

Сағат 10:00-де М.Тынышбаев атындағы QazАТК Шымкент көлік колледжінде қазақтың тұңғыш инженер-теміржолшысы М.Тынышбаевтың 140 жылдығына орай «Ел ертеңі - білімді жастар» атты жастар форумы өтеді.

Сағат 11:00-де Turkistan Media орталығында 2018-2019 оқу жылының аяқталу барысы және ҰБТ-ға дайындық жұмыстары туралы брифинг өтеді. Спикер: Түркістан облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова.

Сағат 11.00-де Түркістан қаласынан 3 км қашықтықта облыстың орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің орман, дала өрттерін сөндіру бойынша өзара іс-қимылы жөніндегі тактикалық оқу-жаттығу өткізіледі.

Сағат 11:30-да Turkistan Media орталығында «Әлеуметтік қолдау шараларын арттыру» тақырыбында брифинг өтеді. Спикер: Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Садыр.

Соңғы жаңалықтар