Қазақстанда 17 қазанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агентігі Қазақстанда 17 қазанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10:00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

Сағат 10:00-де Астана қаласындағы Достық үйінде «Қазақстандық татар және башқұрт конгресі» республикалық қоғамдық ұйымы Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылау бойынша жиын өткізеді.

Сағат 10.00-де №2 ауруханада қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшылығының қатысуымен брифинг өтеді.

Сағат 12:00-де «Rixos» қонақүйінде Шанхай ынтымақтастығы ұйымы мүшелері елдерінің білім министрлерінің Жетінші кеңесі өтеді. 

Сағат 14:40-де «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Құқықтық кеңестің «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын реформалаудың маңызды мәселелері» тақырыбындағы кеңейтілген отырысына қатысады.

Сағат 15:00-де «Sputnik Қазақстан» баспасөз орталығында Бүкіләлемдік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілікке қатысты жаһандық индексіне арналған баспасөз мәслихаты өткізіледі.

Сағат 15:00-де қайырымдылық шара аясында Астана қаласы әкімдігіне қарасты балалар үйінің тәрбиеленушілері мен Беларусь, Швейцария және БАӘ елшілерінің кездесуі ұйымдастырылады.

Сағат 16:00-де Қазмедиа орталығының конференц-залында (21-қабат) қазақтың көрнекті сазгері әрі қоғамдық қайраткері Төлеген Мұхаметжановпен кездесу өтеді.

Сағат 18:30-да Мақсұт Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ-да тұңғыш рет әйгілі заңгерлік студенттік сайыс - «Moot Court» өткізіледі.

18.30-да «Мұзбалақ» анимациялық фильмінің тұсаукесері өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 09:30-да «Инновациялық технологиялар паркі» АКҚ-да жетекші корпорациялардың 20 жоғары сапалы әрі ұтымды стартаптарының тұсаукесері өтеді. АКҚ бас директоры Санжар Кеттебеков Tech Garden алаң туралы сөз қозғайды.

Сағат 11:00-де Офицерлер үйінде «Қорғаныс саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында отырыс басталады.

Сағат 11:00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында медицина саласында жұмыс жүргізетін қазақстандық IT-компаниялардың жиыны ұйымдастырылады. Баспасөз мәслихатына MedElement медициналық ақпарат жүйесінің бас директоры Виталий Ермоленко, MedStory медициналық ақпарат жүйесінің директоры Талғат Жандосов, MedStory медициналық ақпарат жүйесінің техникалық директоры Кирилл Капитанов қатысады.

Сағат 11:30-да Қазақстандық дәрігерлер қауымдастығы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде биатлоннан Олимпиада чемпионы Елена Хрусталеваның қолдауымен остеопорозге қарсы күрес күніне орай өтетін брифинг ұйымдастырылады.

Сағат 12:00-де Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Алматы қаласында бұқаралық спорт түрлерін дамыту» тақырыбында баспасөз мәслихаты басталады.

Сағат 13:30-да С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Фитониринг: Фитомедицинадағы жаңа дәуір, дәстүрден қазіргі заманға» тақырыбында баспасөз мәслихаты өткізіледі.

Сағат 14:00-де Халықаралық бизнес және коммуникациялар колледжінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламалық мақаласы аясында «Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы мен келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

ТҮРКІСТАН

Сағат 18.00-де Түркістан облысы әкімдігінің мәжіліс залында 18 қазан - Руxани келісім күніне орай облыс әкімі Жансейіт Түймебаев облыстағы діни конфессия жетекшілерімен кездеседі.

КӨКШЕТАУ

Сағат 15:00-де Ақмола облысының өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі Құтқарушылар күніне орай ашық есік күнін өткізеді.

АҚТӨБЕ

Сағат 11:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Ақтөбе облысының суармалы жерлерін қалпына келтіру» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: «Қазсушар» РМК АФ директоры Бекзат Наметов.

Соңғы жаңалықтар